Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала күнін тойлауға дайындық жөнінде кеңес өткізілді

        Жұма күні қала әкімі  Александр Вербняктың төрағалық етуімен  кеңес  өткізілді.

        Кеңеске қала әкімінің орынбасарлары мен әкімдіктің дербес бөлімдерінің басшылары қатысты.

        Күн тәртібіне сәйкес мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айжан Жұмабаева жиналған қауымды қала күнін ұйымдастыру және өткізу туралы жоспармен таныстырып өтті.

        Кеңестің қорытындысы бойынша А. Вербняк  орынбасарларына және бөлім басшыларына осы іс-шараны өткізуді қамтамасыз ету және концерттік бағдарлама, спорт жарыстары мен халықтық ойын-сауық ұйымдастыру жөнінде тапсырмалар берді.