Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала басшысы соғыс ардагері Октябрина Борисоваға «Құрмет» орденін табыс етті

13 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті атынан Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк Жеңістің 70 жылдығының құрметіне 90 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Октябрина Борисоваға еліміздегі ең жоғарғы мемлекеттік наградалардың бірі – «Құрмет» орденін табыс етті.

- Құрметті Октябрина Илларионовна! Сіздің өмір жолыңыз батылдық пен қаһармандықтың, төзімділіктің жарқын көрінісі болып табылады. Сіздің жауынгерлік ерлігіңіз және ерен еңбегіңіз үшін шексіз алғысым мен ризашылығымды қабыл алыңыз! Шын ниетпен Сізге мықты денсаулық, бақыт, құт-береке тілеймін! Әрқашан бейбiт аспан болып, күн шуағы жарқырай берсін, - деп құттықтады ардагер-майдангерді қала басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, О. Борисова Астанада өткен Жеңістің мерейтойына және Отан қорғаушылар күніне  арналған әскери шеруге қатысты.