Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 29 сәуірдегі ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі  № 555 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларының 3-б. 20-тармағы негізінде Шідерті кентінің әкіміне кандидаттар болып тіркелді:

         Жансерик Жанымхан, 1986 жылы туған, «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы, Екібастұз қаласында тұрады;   

Надежда  Васильевна Третьякова, 1980 жылы туған, «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің Шідерті жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Екібастұз қаласының Шідерті кентінде тұрады; 

Еркін Сейілханұлы Шөлкебаев, 1963 жылы туған, «Екібастұз қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Шідерті кентінің № 3 БЖСМ» КМҚК спорттық жабдықтар меңгерушісі, Екібастұз қаласының Шідерті кентінде тұрады. 

 

 

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы