kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Қала басшысы әкімдік мәжілісін өткізді

          Мамырдың 13 қала әкімі  Александр Вербняктың төрағалық етуімен  әкімдік мәжілісі өткізілді, онда қала әкімінің орынбасарлары, әкімдік бөлімдерінің және коммуналдық қызметтің басшылары қатысты.

Тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ерлан Көшкімбаев 2014–2015 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жылыту маусымының қорытындысы және қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен әлеуметтік сала нысандарының жаңа 2015-2016 жылдардың жылыту маусымына дайындығы жөнінде толық есеп берді.

Екібастұз қаласы әкімінің есеп беру кездесулерінде тұрғындармен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы туралы  қала әкімі аппаратының басшысы Мәриям Адасбаева айтты. Екібастұз қаласы әкімінің тұрғындармен есептік кездесулерінің қорытындысы бойынша  іс-шаралар жоспарына 17 ұсыныс енгізіліп, оның 1-і бақылаудан алынды. Абай көшесі, 91-үйдің ауласында ағаштарды  санитарлық кесу жұмыстары жүргізілді. Ауылдық округтер, ауылдар мен кенттер әкімдерінің есептік кездесуі бойынша бақылауға алынған 13 тармақтан 1 тапсырма  бақылаудан алынып, жүзеге  асырылды, яғни  Солнечный кентінде  ағаштарды  санитарлық кесу жұмыстары орындалды.

           Әкімдік мәжілісінің барлық мәселелері қаралып, әр мәселеге қатысты қаулы қабылданды.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза