Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сарықамыс ауылында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған мемориалдық тақта ашылды

Сарықамыс ауылдық округінде 2015 жылғы 8 мамыр күні Ұлы Отан соғысы Жеңістің 70 жылдығына орай Жеңіс саябағында Ұлы отан соғысына қатысқан ардагерлердің аты жазылып мемориалдық тақта ашылды. Мемориалдық тақтаның ашылу лентасын қию құрметті ауылымыздың ақсақалы, білім беру саласының ардагері Иренғайып Тапалұлы Сутжанов пен соғыс ардагерінің ұрпағы, Қазақстан Республикасы ішкі істер қызметінің ардагері, отставкадағы милиция подполковнигі Нуржан Конаевқа берілді. Мемориалдық тақтаға ауыл тұрғындары мен ардагерлер ұрпақтарынан гүл шоқтары қойылды. Сарықамыс ауылында тұрған соғыс ардагерлерінің ұрпақтары Конаевтар, Долгиерлер, Катеновтар, Атакановтар, Сыздықбаевтар салтанатты рәсімге келіп қатысты.

Шараға арналып ауылдық әкімшілік, ауылдық клуб, Сарықамыс орта мектеп ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Құттықтау сөз Нұрлан Конаевқа, Наталья Ивановнаға, Иранғайып Тапалұлына беріліп, осы шараны ұйымдастыруға мұрындық болған ауыл әкімі Марат Сейсембаевқа  алғыстарын білдірді. Ат салысқан ауыл азаматтарына ризашылықтарын білдірді. Мерекелік шараның соңы осы Жеңіс саябағында кешкі би кешімен жалғасты.

 

Соғыс ардагерінің ұрпағы

Абдиева Ж.К.