Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Облыс әкімі соғыс ардагерлерін құттықтады

Жеңіс Күнін тойлау қарсаңында  облыс әкімі Қанат Бозымбаев Ұлы Отан соғысының ардагерлері Зейнолла Сүлеев пен Ольга Самотаеваның үйіне барды.

Облыс басшысы оларды мейраммен құттықтап, "Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін" белгісін тапсырды және де теледидар сыйлады.

Зейнолла  Сүлеев 1925 жылы 10 қаңтарда Павлодар облысы Ақтоғай ауданының  Ақкөл ауылында дүниеге келген. 1942 жылы әрекет етуші  әскерге шақырылды. Бірінші атқыштар дивизиясында қатардағы солдат ретінде соғысты. Жапон соғысына қатысып, мерген болды. 1948 жылы әскерден еліне оралды. Соғыс аяқталған соң Ақкөл орта мектебіне мұғалім болып орналасты. Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін «Отан соғысының II дәрежелі» орденімен, «Украйнаны азат еткені үшін», «Кеңес Одағының маршалы Г.К. Жуков» медальдарымен және  және мерекелік медальдармен марапатталды. Зейнолла Сүлеевтің сегіз баласы, жиырма бес немересі және он бес шөбересі бар.

- Әкем 40 Отец более 40 лет посвятил себя воспитанию детей, проработав в сфере образования. Он – творческая личность. Не так давно вышел в сборник стихов "Әке тағзымы". Не пропускает новости по телевизору и всегда старается быть в курсе событий в стране. В свободное время любит решать сканворды, - сказала дочь участника войны Райхан Сулеева.

- Әкем 40 жылдан астам өмірін бала тәрбиесіне, білім беру саласына арнады. Ауылы шығармашылықтан алыс емес. Жуырда ғана «Әке тағзымы» атты өлеңдері жинағы топтастырылған шағын кітабы жарыққа шықты. Саяси жаңалықтарды қалт жібермейді, азаматтық ұстанымы белсенді. Бос уақытында сөзжұмбақ шешуге құмар, - деді соғысқа қатысушы ардагердің қызы Райхан Сүлеева.

Екінше ардагер Ольга Самотаева  1925 жылы 5 мамырда Тамбов облысы Ивановка ауылында дүниеге келген.  1941 жылы орта мектептің 9 сыныбын аяқтап, еңбек жолын комбайншының көмекшісі болып бастады. 1943 жылы шопырларды дайындайтын жеделдетілген курстан өтті. 1944 жылы Бірінші Белорус майданының 1018-атқыштар полкіне кеңсе хатшысы ретінде қабылданды. Әскери қызметті кіші сержант атағымен аяқтады. 1953 жылы Павлодар облысының Екібастұз қаласына тұрақты тұруға көшіп келді.   1978-1990 жылдар аралығында Екібастұз теміржол ауруханасында шаруашылық бикесі  қызметін атқарды.  Отан үшін күресте жанқиярлық ерлікпен қатысып, «Отан соғысының II дәрежелі» орденімен және мерекелік медальдарымен марапатталды. Ольга Георгиевнаның бес баласы, сегіз немересі және он шөбересі бар.