Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бос орындар жәрмеңкесі

2015 жылдың 23 сәуірінде жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруда ықпал ету мақсатында  «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Аталған іс-шараға 140-тан астам адам қатысты, қаланың 11 кәсіпорынымен 156 бірлік бос орын ұсынылды. Жәрмеңкенің қорытындысы бойынша 52 жұмыссыз жұмысқа шақырылды.