kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Дәметкен: Лифт ақысы

Құрметті Александр Федорович! Мен зейнеткер Дәметкен, Екібастұз қаласының байырғы тұрғынымын. Қаламыздың өсіп-өніп,көркеюіне көңілім толады. Бірақ соңғы уақытта лифт үшін ақының әр пәтердің квадратына саналатыны қынжылтады. Мен жалғыз өзім 4 бөлмелі пәтерде тұрамын. Лифтпен күніне бір рет те қолданбайтын күндерім болады. Сонда мен неге квадрат метр бойынша ақша төлеуім қажет? Ондай болса жарық пен телефонның бағасында неге квадрат бойынша төлемейміз деген ой келеді. Осы келіп жатқан түбіртектердің квадрат метр бойынша саналуы қаншалықты заңды деген сұраққа жауап берсеңіз. Бұл мәселені шешудің басқа жолдары жоқ па?

Құрметті Дәметкен!

 

Сіздің 2015 жылғы 5 мамырдағы Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына келіп түскен лифтілерге техникалық қызмет көрсету үшін «Экибастузлифт» ЖШС-нің тарифіне қатысты №36773 өтінішіңізге, мынаны хабарлаймын.

         Бір адам үшін айына  404 теңге мөлшеріндегі бұрыннан әрекет ететін тариф 2010 жылы бекітілген. 2010 жылдан бастап лифтілерге техникалық қызмет көрсету жөніндегі тариф өскен жоқ.

Кәсіпорын негізгі қызмет жөніндегі залалдарды жыл сайын көтереді.  

2014 жылы         кәсіпорынның негізгі қызметі жөніндегі залалдар 26,9 млн. теңгені құрады.

         Кәсіпорынға материалдық-техникалық жарақтандыру жүргізілмегендіктен, өндірістің залалдылығы лифтілердің сапалы қызмет көрсетуіне және үздіксіз жұмыс істеуіне жағымсыз әсер етеді, аппатты-диспетчерлік қызмет мамандандырылған автокөлікпен жарақтандырылмаған және электр механиктер мен лифтерлерге шақырулар бойынша жүру қоғамдық көліктермен немесе таксимен жүзеге асырылады, пайдаланылатын лифтілердің ағымдағы жөндеу жұмыстары тоқтатылды, білікті кадрлардың тұрақсыздығы көп, лифтілерді пайдалану жөніндегі қауіпсіздік нормалар мен ережелерге сәйкес штат толықтырылмаған.

         Қалыптасқан жағдайдың негізгі себебі, тарифтің төменгі деңгейіне қарамастан, тұратын адамдардың жалған көшірмесі және абонент сандарының төмендеуі болып табылады. Тұрғындар көшірмелері мен тіркелімдерінің ХҚО арқылы көрсетілетін оңайлатылған жүйесі жосықсыз тұрғындарға пәтерлерде тұратындардың нақты санымен салыстырғанда адамдардың аз саны үшін лифтілер жөніндегі қызметтерді төлеуге мүмкіндік береді.

         Сот даулары тарифті аудару кезінде негізгі құжаттар тек үй кітабы немесе мекенжай анықтамасы болғандықтан оң нәтиже бермей отыр.

         2010 жылға дейін Павлодар қаласында тұрғындар жалған көшірме бергендіктен «Павлодарлифт» ЖШС кіріс бөлігінің төмендеуіне қатысты ұқсас жағдай қалыптасты. Кәсіпорын қызметін тұрақтандыру мақсатында 2010 жылдан бастап лифтілерді пайдалану үшін төлем пәтерлердің алаңдары бойынша төленеді.

         Төлемнің осы жүйесі ойдағыдай іске асуда және республиканың көп облыстарында, Астана, Алматы қалаларында бірінші жыл емес.

         1 ш. метр үшін төлемге ауысу шаршы метр адамдардың көшіп-қонуына байланысты емес, өзгертілмейтін көлем болып табылатындықтан, кәсіпорынның кірістерін тұрақтандыруға мүмкіндік береді. 

         Кәсіпорын қызметінің қаржылық-шаруашылық талдауы «Екібастұзлифт» ЖШС-нің жыл сайынғы шығындары 135,4 млн. теңгені құрайды, яғни оның залалсыз қызметін қамтамасыз ету үшін нақты тариф бір адамға 911 теңге немесе шаршы метр үшін 30,1 теңгені құрауы керек.

        Алайда, кәсіпорынмен халыққа әлеуметтік-маңызы бар қызмет көрсетілетіндігін ескере отырып, бір адамға 666,3 теңге немесе шаршы метр үшін 22,00 теңгеге дейін тарифті өсіру туралы шешім қабылданды.  

         1 шаршы метр төлем жүйесін пайдалану кезінде тұрғын пәтерлер тетігінде абоненттік ақының талдауы мынадай түрде көрінеді:

Бөлмелер саны

Пәтердің орташа пайдалы алаңы, ш.м

Тұрғындардың орташа саны, адам

Тариф кезінде бір адамға айына  666,3 теңгені аудару

Тариф кезінде шаршы метр үшін айына  22,0 теңгені аудару

Тарифті өзгерту кезіндегі тұрғындардың үнемдеу сомасы, айына теңге 

1 бөлмелі пәтер

34

2

1332,6

748,0

584,6

2 бөлмелі пәтер

53

3

1998,9

1166,0

832,9

3 бөлмелі пәтер

67

4

2665,2

1474,0

1191,2

4 бөлмелі пәтер

90

5

3331,5

1980,0

1351,5

 

         Жоғарыда көрсетілген кестеде 1 ш.м. үшін 22,00 теңгені төлеуге көшу кезінде бір адамға 666,3 теңге тарифімен салыстырғанда ұсынылған қызметтер үшін орташа статистикалық отбасы, әсіресе көп балалы отбасылар үшін әлдеқайда аз материалдық жүктеме болатындығы көрініп тұр.

         ПМК төрағасының құрамындағы комиссия, учаскелік инспектор, «Екібастұзлифт» ЖШС-нің қызметкерлері тексерісінің қорытындысы бойынша  үлкен шаршы метрлі пәтерлерде тұратын жалғыз зейнеткерлер ш.м үшін төлемді төмендету жөніндегі жеңілдіктерге ие болады. 

         «Екібастұзлифт» ЖШС Жарғысының 5.4-тармағына сәйкес, директордың құзырына өз өнімдерін іске асыруды, өз бетінше белгіленген немесе жасалған келісімшарт негізінде бағалар мен тарифтер бойынша жұмыстар мен атқарылған қызметтердің орындалуын ұйымдастыру жөніндегі өкілеттік кіреді.

         Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, кәсіпорынның қызметін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес лифтілерді қауіпсіз пайдалану бойынша талаптарды сақтау мақсатында, «Екібастұзлифт» ЖШС 2015 жылдың 1 наурызынан бастап 1 шаршы метрге арналған төлем жүйесіне көшуді жүзеге асырды.

         Алайда, 1 шаршы метрге арналған осы төлем жүйесі түпкілікті емес. «Екібастұзлифт» ЖШС лифтілерде жүрудің жеке есептеу құралдарын (карточка жүйесі тәрізді) орнатуды жоспарлауда.

         Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12-бабына сәйкес, Сіздің қабылданған шешімге шағымдануыңызға құқығыңыз бар.  

 

 

   Екібастұз қаласы

   әкімінің орынбасары                                                            М. Үсенов

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза