Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2015 жылдың 23 сәуіріндегі Екібастұз қаласы атқарушы органдары «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналастыру үшін өткізілген конкурстар жөнінде ақпарат

«Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ-де 2015 жылдың 23 сәуірінде «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналастыру үшін конкурс өткізілді.

         Конкурсқа 6 үміткер қатысты. «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналастыру үшін пікіралысу жүргізу қорытындысы бойынша:

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ жұмыспен қамту секторының бас маманына Зарина Мейрманова ұсынылды;

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі және  жалпы орта білім беру секторының жалпы орта білім беру мәселелері жөніндегі бас маманына Асель Толеубаева ұсынылды.

         Қала әкімі аппараты конкурстық комиссиясы жұмысының айқындығын және әділдігін қамтамасыз ету мақсатында комиссияның отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі – «Екібастұз дауысы» ақпараттық орталығы» ЖШС директоры-бас редакторы Айнур Мейрамова, «Нұр Отан» партиясының өкілі Айнамкоз Рахимжанова бақылаушылар болып қатысты.

 

Екібастұз қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі