Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2015ж.20.04 бастап 2015ж.27.04. дейінгі кезеңде «Екібастұз қ. ТЖБ Жедел-құтқару жасағы» ММ күшімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 11 сағ. 18 мин. ұлы креслоға отырғанда креслоның металл сертпесі оның арқасына кіріп кеткендігі туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен креслоның сертпесін кесті. Алғашқы медициналық көмек көрсетті және зардап шеккен адамды «жедел жәрдем» қызметкерлеріне тапсырды.
  2. 23 сағ. 06 мин. сыртқы есіктің құлпы желініп қалғандықтан өз пәтеріне кіре алмай тұрғандығы туралы хабарлаған жалғыз тұратын зейнеткерден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.
  3. 12 сағ. 42 мин. 74 жастағы анасының халін білуге келгенде пәтердің кілтімен сыртқы есікті аша алмағанды және есік қағысымен телефон қоңырауларына ешкім жауап бермейтіндігі жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, учаскелік инспектордың қатысуымен пәтердің кілтімен сыртқы есікті ашты. Әйел адамның денесін төр бөлмеден тапты.
  4. 18сағ.  55 мин. «Строитель» подхозы аумағында УАЗ «патриот» авто көлігінде сорға батып қалғандығы, көлікте 4 адам соның ішінде 1 емшектегі бала бар екендігі жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті.  Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арқанның көмегімен автокөлікті сордан тас жолға тартып шығарды.
  5. 13 сағ. 57 мин аз уақытқа үйінен шыққандығы, ал қайтып келген уақытта кілтімен есікті аша алмағандығы, пәтерде кіші жастағы бала бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, үйдің төбесінен бесінші қабаттың балконына түсті, балкон есігі арқылы пәтерге кірді, пәтердің ішінен құлыпты бұзды және сыртқы есікті ашты. Зардап шеккендер жоқ.

 

«ҚР ІІМ ТЖК Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңға қарсы әрекеттері жағдайында келесі сенім телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз:    22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

«ҚР ІІМ ТЖК Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ жедел-құтқару

жасағы» ММ бас құтқарушы-кинологы                                   Куценко Г.А.