Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің 2015-2019 жж. «Шар.фекальды ағынды суды тазалау (зарарсыздандыру) жөніндегі қондырғыны реконструкциялау»

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің 2015-2019 жж. «Шар.фекальды ағынды суды тазалау (зарарсыздандыру) жөніндегі қондырғыны реконструкциялау» жобасы бойынша жұмыстарды атқару кезіндегі қоршаған ортаны қорғау іс-шаралар бағдарламасын қарастыру бойынша өткізілген қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы

               

Өткізілген күні: 2015 жылғы 22 сәуір, сағат 11:30.

Өткізілген орны: Екібастұз қ.,

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС.  

Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастырушы: «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС.  

Қоғамдық тыңдаулардың өткізілуі жөніндегі мәліметтер жұртшылықтың назарына келесідей ақпарат құралдары арқылы ұсынылды: «Екібастұз дауысы» қалалық газетінің 2.04.2015ж. № 13 (3075) санында және Екібастұз  қ. әкімдігі ресми сайтының ғаламтор ресурсында хабарлама жарияланды www.ekibastuz.gov.kz .

Қатысқандар:

- «Е4-СибКОТЕС»  ЖШС жобасының бас инженері Артамонов А.В.,

- "PV-Экологиялық орталығы" ЖШС эколог-маманы  Глазунова А.Н,

- Екібастұз қаласы әкімдігінің ТКШ, ЖКАЖ бөлімі» ММ бас маманы; - Дуйсекенова С.К.;

- «ЭГУ по ЗПП Д по ЗПП ПО» РММ бас маманы» - Иментаев К.К.

- ҚР ЭМ ГИНГК КЭРИК Павлодар облысы бойынша Ертіс экология департаментінің мемлекеттік инспекторы  Сүлейменов С.С.;

- «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігінің басқарма мүшелері - - Әубәкіров Е.А., Ересько Л.С.

- «Экология әлемі»  ҚБ төрағасының орынбасары - Оразалинов Е.И.

Барлық қатысқандар - 24 адам (1 қосымша)

 

Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібі:

  1. «Шар.фекальды ағынды суды тазалау (зарарсыздандыру) жөніндегі қондырғыны реконструкциялау» жобасы бойынша жұмыстарды атқару кезіндегі қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары бағдарламасының жобасы бойынша баяндама. – 15 мин.;     
  2. Жобаны талқылау, баяндамашыларға сұрақтар, сұрақтарға жауап беру – әрбір талқылауға 5 минуттан. 

 

Сөз сөйлегендер:

  1. «Болат Нұржанова атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы Н.П.Рехтикова қоғамдық тыңдауларға қатысушыларға сәлем берді. Қоғамдық тыңдауларды бастау үшін  жергілікті атқарушы орган «ТКШ бөлімі» ММ бас маманы - С.К.Дүйсекеноваға өз берді.    
  2. С.К.Дүйсекенова күн тәртібін жариялап, сөз сөйлеу тәртібін талқылауды ұсынды. Қоғамдық тыңдаулардың рәсімін сақтау үшін Төраға мен қоғамдық тыңдаулардың хатшысын таңдау қажеттігін хабарлады. Төрағаға «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің бас инженері -  А.С.Черепенин мырзаның, кандидатурасын, ал, хатшыға қоршаған ортаны қорғау бөлімінің жетекші инженері Т.Н.Павлованың кандидатуарасын ұсынды.    

 

Қатысушылар арқылы ұсыныс қабыл алынды.

 

Черепенин А.С.: Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы Н.П.Рехтиковаға баяндама оқу үшін сөз берді.

Рехтикова Н.П..: Жоба бойынша жұмыстарды атқару кезіндегі қоршаған ортаны қорғау іс-шаралар жоспары жөніндегі баяндамасымен сөз сөйледі.

 

Қоғам өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары мен ескертулері:

 

Сұрақ: Ересько Л.С, «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігінің өкілі 

Аталған қондырғы қай жерде жасалынған, оның өнімділігі қандай? 

 

Жауап: Рехтикова Н.П. Болат Нұржанова атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы

«BioSteps» үлгісіндегі шарфекальды ағынды суларды тазалау жөніндегі қондырғы модульдік болып табылады, Самара қ. «САМЭНВИРО» Ресей-Голландия кәсіпорны ААҚ-нда жасалынады. Блоктардың өнімділігі 250 м3/тәулігіне. 

 

Сұрақ: Әубәкіров Е.А., «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігінің өкілі

Не себептен аталған қондырғыға таңдау жасадыңыздар?

 

Жауап: Черепенин А.С. – «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің бас инженері

Жобалау кезінде шарфекальды ағынды суларды зарарсыздандыру және тазалау қондырғылары жөнінде нұсқалар қарастырылды. Бұл ретте  тазалау жүйесінің екі нұсқасы қарастырылды:  «Био-Эйкос-250» қондырғысында ағынды суларды тазалау технологиясы және «BioSteps» қондырғысында ағынды суларды тазалау технологиясы.     

Қондырғының ықшамдылығы, қарапайым конструкциясы, жоғарғы тазалау тиімділігі, минималды  тұнба жиналушылығы, модуль кеңістігін пайдаланудың жоғарғы тиімділігі, тиімді ауа жіберу себептеріне байланысты «BioSteps» қондырғысында ағынды суларды тазалау нұсқасы таңдалып алынды. 

 

Сұрақ: Оразалинов Е.И., «Экология әлемі» ҚБ төрағасының орынбасары 

Жоба неліктен «Құралыс» немесе «Қондырғыны монтаждау» емес «Реконструкциялау» деп аталады? 

 

Жауап: Рехтикова Н.П. «Болат Нұржанова атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы

Шарфекальды ағынды сулар электр станциясының нысандарынан өздігінен ағу арқылы қолда бар қабылдау ыдысына КНС-1 және КНС-2 шарфекальды ағынды сулар үшін келіп түседі. Одан кейін, қолда бар КНС сорғылары арқылы ағынды сулар қосалқы жабдықтар блогына аударылып құйылады.

 

Сұрақ: Ересько Л.С, «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігінің өкілі 

Іс-шаралардың 5.2 тармағына сәйкес өзіндік мұқтаждықтар қалай қолданылатын болады?

 

Жауап: Рехтикова Н.П.  «Болат Нұржанова атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы

 Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде  КНС-1 алаңшасында 138 тонна көлемінде құнарлы топырақ қабатын алу жүргізіледі. Құнарлы қабат станция территориясын көгалдандыру үшін қолданылатын болады. КНС-2 ауданында және тұнбалы алаңшаларда болмауына байланысты құнарлы қабатты алу жұргізілмейтін болады.   

Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жобаға сай 210 тонна көлемінде жерді ойып алу іске асырылады. Территорияны жоспарлау үшін қолданылатын болады.

 

Талқылаудың қорытындылары бойынша негізгі тұжырымдар:

Черепенин А.С.: Қорытынды шығарды және қоғамдық тыңдауларды өткізу ережелерінде қарастырылған мерзімдерде хаттама әзірленіп, жергілікті атқару органының Ғаламтор-ресурсында жарияланатындығын хабарлады. www.ekibastuz.gov.kz. Ескертулер мен ұсыныстар 7 күнтізбелік күн ішінде қабылданатын болады. Барлығына белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді. Қоғамдық тыңдауларды өткізілген болып санауды және «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің 2015-2019 жж. «Шар.фекальды ағынды суды тазалау (зарарсыздандыру) жөніндегі қондырғыны реконструкциялау» жобасы бойынша жұмыстарды атқару кезіндегі қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жобасын (жоспарын) мақұлдауды ұсынды.  

 

 

Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы: 

Бас инженер                                                                     А.С.Черепенин

 

Қоғамдық тыңдаулардың хатшысы:  

Т.Н.Павлова                


 

№1 Қосымша

 

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің 2015-2019 жж.

«Шар.фекальды ағынды суды тазалау (зарарсыздандыру) жөніндегі қондырғыны реконструкциялау» жобасы бойынша жұмыстарды атқару кезіндегі қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар бағдарламасын қарастыру бойынша қоғамдық тыңдаулардың қатысушылары.

 

  1. Черепенин А.С. – МАЭС-1 бас инженері;
  2. Артамонов А.В. - «Е4-СибКОТЕС»  ЖШС жобасының бас инженері;
  3. Глазунова А.Н. - "PV-Экологиялық орталығы" ЖШС эколог-маманы.
  4. Дешнер Н.И. – "PV-Экологиялық орталығы" ЖШС директоры;
  5. Дүйсекенова С.К. – «ТКШ бөлімі» ММ бас маманы;
  6. Иментаев К.К. - «ЭГУ по ЗПП Д по ЗПП ПО» РММ бас маманы»;
  7. Сүлейменов С.С. – ЕЭД мемлекеттік инспекторы;
  8. Әубәкіров Е.А. – «Қоршаған ортаны қорғау» ҚБ өкілі,
  9. Ересько Л.С. – «Қоршаған ортаны қорғау» ҚБ өкілі,
  10. Оразалинов Е.И. – «Экология әлемі»  ҚБ төрағасының орынбасары;
  11. Наурзгалиев А.А. – КҚ жөніндегі директор;
  12. Серьянов С.Б.  – ЭҚПҚ қызметінің бастығы;
  13. Щебетун В.М. – «ЖЖПЖ» цехының бастығы»;
  14. Рахметова Ж.Б. – «ЖЖПЖЦ» бастығының орынбасары;
  15. Бухаров В.П. – КҚ мен ҒҚЖ бөлімінің бастығы;
  16. Врублевская Е.Ю. – Инвестициялар бөлімінің жетекші  экономисі;
  17. Наурзгалиева С.Д. – Инвестициялар бөлімінің бастығы;
  18. Андреева А.О. – АРБ бөлімінің кадрлар жөніндегі инспекторы;
  19. Қадырбекова А. –ӨТБ  инженері;
  20. Елубаева Г.В. – КҚ бөлімінің құжаттамалар жөніндегі технигі;
  21. Чигвинцева Т.А. – АРБ бөлімі;
  22. Қайралапова Б.А. – құжаттамалар жөніндегі техник;
  23. Рехтикова Н.П. – ҚОҚ бөлімінің бастығы;
  24. Павлова Т.Н. – Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің жетекші инженері.