«ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ШФ ПАВЛОДАР МҰНАЙ ҚҰБЫРЫ БАСҚАРМАСЫ «СТЕПНОЕ» МАС СТК». (БЛОКТЫ-МОДУЛЬДІ ҒИМАРАТ)» ЖҰМЫС ЖОБАСЫНА «ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ» БӨЛІМІ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУЛАР ХАТТАМАСЫ
Өткізу күні: 2015 жылғы 23 сәуір сағат 12.00-де.
Өткізу орны: «ҚазТрансОйл» АҚ ШФ ПМҚБ «Степное» МАС, акт залы.
Қоғамдық тыңдаулар Ә.Марғұлан академик атындағы ауыл әкімдігімен ұйымдастырылды.
Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы ақпарат жұртшылық назарына хабарландыруды
- 2015 жылғы 04 сәуірдегі «Сарыарқа самалы» облыстық газетінде (мемлекеттік және орыс тілдерінде) жариялау;
- www.ekibastuz.gov.kz. сайтында орналастыру жолымен жеткізілді.
Қатысқандар:
Ә.Марғұлан академик атындағы ауыл әкімдігінің өкілдері:
Какожанов М.С. – ауыл Әкімі.
Жұртшылық:
Ә.Марғұлан академик атындағы ауыл тұрғындары:
Емалитдинова Р.Н.
Чертков К.В.
Ищенко А.Б.
Құдайбергенов Е.Б.
«Степное» МАС өкілдері:
Ардабаев С.К. – МАС бастығының орынбасары;
Сафоненко Н.В. – инженер-энергетик;
Ақбербаев Е.Б. – механик;
Шарапов А.Р. – ӘЖ және ЭХҚ жөніндегі шебер;
Федоринин А.Н. – еңбек қорғау жөніндегі инженер.
Павлодар мұнай құбыры басқармасының өкілдері:
Мустафинова З. М. – инженер-эколог.
«ҚазТрансОйл» АҚ ШФ жобалау-сметалық бюросының өкілдері:
Байділов А.Қ. – жобаның бас инженері;
Әбдіқалықова Г.Н. – инженер-эколог.
Барлығы қатысушылардан 12 адам тіркелді.
Қоғамдық тыңдаулардың ашылуы
Қоғамдық тыңдауларды ауыл Әкімі – Мұрат Сағадатұлы Какожанов ашты.
Ол қоғамдық тыңдауларға қатысушыларға сәлем беріп, оларға алғысын білдірді және бұл шараның «Степное» МАС СТК». (Блокты-модульді ғимарат)» жұмыс жобасына «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімін барлық мүдделі тараптармен талқылау мақсатында ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес және алынған пікірлер есебімен өткізілетінін хабарлады.
Мұрат Сағадатұлы «ҚазТрансОйл» АҚ ШФ өкілдері: Павлодар мұнай құбыры басқармасының инженер-экологы – Зарина Маратқызы Мұстафинованы және жобалау-сметалық бюроның инженер-экологы - Гүл Назымбекқызы Әбдіқалықованы таныстырды.
З.М. Мұстафинова жиналғандармен амандасып, қоғамдық тыңдаулардың төрағасы - Ә.Марғұлан академик атындағы ауыл Әкімі Мұрат Сағадатұлы Какожановты, хатшысы - Павлодар мұнай құбыры басқармасының инженер-экологы Зарина Маратқызы Мұстафинованы сайлауды ұсынды, және келесі күн тәртібі мен тыңдаулар регламентін бекітуді ұсынды:
Күн тәртібі:
«Степное» МАС СТК». (Блокты-модульді ғимарат)» жұмыс жобасына «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімін қарастыру.
Регламент:
Баяндамашының сөз сойлеуіне 10 минут;
Жарыссөздерге 5-10 минут бөлінеді.
Күн тәртібі мен регламент бекітілді.
Сөз сөйлегендер:
Қоғамдық тыңдаулардың ережелеріне сәйкес Г.Н.Әбдіқалықова баяндамамен шықты. Баяндама материалдарында төмендегілер көрсетілді:
1. Объектінің орналасқан орны.
2. Кәсіпорын туралы жалпы мәліметтер.
3. Объектінің бас жоспары. Абаттандыру.
4. Объектінің атмосфералық ауаға әсер етуі:
- құрылыс кезеңінде атмосфералық ауаны ластау көздеріне қысқаша сипаттама;
- құрылыс кезеңінде ластайтын заттардың тізбесі;
- құрылыс кезеңінде тасталындыларды азайту бойынша іс-шаралар;
5. Объектінің жер ресурстарына әсер етуі. Өндіріс қалдықтары:
- құрылыс кезеңінде өндіріс және тұтыну қалдықтары;
- қалдықтармен жұмыс істеу бойынша іс-шаралар;
6. Объектінің су ресурстарына әсер етуі:
- құрылыс кезеңінде суды тұтыну және суды бұру;
- беттік және жерасты суының ластануын болдырмау бойынша іс-шаралар.
7. Санитарлық-қорғау аймағы және объектінің қауіптілік класы.
Жұртшылық өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары мен ескертулері:
- Ауыл Әкімі М.С.Какожановтың сұрағы: Су құбыры Қ.Сәтбаев атындағы каналдан тартыла ма?
ЖБИ А.Қ.Байділов жауап берді: Сумен жабдықтау көзі – «ДВУ1-30/С» қондырғысында тазаланған Қ.Сәтбаев атындағы канал суы.
Суды жобаланатын СТК ғимаратының ауыз және тұрмыстық мұқтаждықтарына толық тазарту Орал қаласы «ВодЭкоФильтр» ЖШС шығарған «ДВУ1-2» қондырғысында орындалады.
Қондырғы техникалық еден астында орналастырылады және автоматты механикалық тазалау сүзгісінен (кері жуу режімімен), тазартылған суды жинақтауыштардан (1,5х4=6,0 м³), «УФ-ОВ-8» ултракүлгін зарарсыздандыру қондырғыларынан (1 жұмыс істеп тұрған, 1 қордағы), тазартылған суды беру сораптарынан (1 жұмыс істеп тұрған, 1 қордағы), 100 л гидроаккумулятордан, жинақтау жиынтығынан (байланыстыру құбырлары, фитингтер, автоматика элементтері, электр кабелі, кабель арналары, бекіту элементтері) тұрады. Ішкі өртке қарсы су құбырының мұқтаждықтарына арналған су толық тазаланбайды.
2. МАС бастығының орынбасары С.К.Ардабаевтың сұрағы: Құрылыс қалдықтарын қайда шығару жоспрланған?
ЖБИ А.Қ.Байділов жауап берді: ПМҚБ КҚ және КЖҚ-мен берілген анықтамаға сәйкес қоқысты «Степное» МАС-тан 75 км қашықтықта орналасқан Шідерті ауылының полигонына шығару (жыл сайынғы шартқа сәйкес) жоспарланып отыр.
Құрылыс кезеңінде мердігер ұйымы сондай-ақ құрылыс қалдықтарын Ә.Марғұлан атындағы ауыл полигонына шарт бойынша құрылыстың сметалық құнын көбейтпей, шығаруды жүзеге асыра алады.
М.С.Какожанов барлық қатысушылар мен баяндамашыларға қойылған барлық сұрақтарға толық және жан-жақты жауап бергендері үшін алғысын білдірді.
Талқылау қорытындылары бойынша негізгі қорытындылар:
1. Ұсыныстар мен ескертулер жоқ;
2. Қарастыруға ұсынылған «Степное» МАС СТК». (Блокты-модульді ғимарат)» жұмыс жобасына «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімін назарға алсын.
3. «ҚазТрансОйл» АҚ ШФ жобалау-сметалық бюросының мақсатымен келіссін.
Хаттамаға қосымша:
- 2015 жылғы 04 сәуірдегі «Сарыарқа самалы» облыстық газетінде қоғамдық тыңдаулар туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған хабарландырулардың көшірмесі;
- Қоғамдық тыңдаулар туралы хабарландыруларды www.ekibastuz.gov.kz. сайтында орналастыру скриншоты.
Қоғамдық тыңдаулар төрағасы: М.С. Какожанов
Хатшы: З.М. Мұстафинова