Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала басшысы әкімдік мәжілісін өткізді

           10 желтоқсанда қала әкімі  Александр Вербняктың басшылығымен  әкімдік мәжілісі өткізілді. Отырыстың жоспарына сәйкес 3 мәселе қаралды.

Екібастұз қаласы әкімінің есеп беру кездесулерінде тұрғындармен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы туралы  қала әкімі аппаратының басшысы Мәриям Адасбаева айтты. Қала әкімінің тұрғындар алындағы есеп беру кездесулерінің қорытындылары бойынша іс-шаралар жоспарына 13 ұсыныс енгізіліп, бүгінгі таңда барлығы орындалды.

Қаржы бөлімінің басшысы Сәбит Мұқанов коммуналдық меншікте тұрған мүлікті тиімді пайдалану туралы толық есеп берді.

- 2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Екібастұз қаласының аудандық коммуналдық меншік тізілімінде 121 аудандық коммуналдық заңды тұлға бар, соның ішінде  мемлекеттік мекеме – 78, мекеме - 1, шаруашылық жүргізу құқығындағы  мемлекеттік кәсіпорын – 4, жедел басқару құқығындағы (қазыналық) мемлекеттік кәсіпорын – 34, жауапкершілігі шектеулі серіктестік – 4, - деп мәлімдеді сөйлеген сөзінде С. Мұқанов.

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері  жөніндегі заңнамаларды іске асыру бойынша шаралары жөнінде құрылыс бөлімінің басшысы Қазбек Акказенов баяндады.

           Әкімдік мәжілісінің барлық мәселелері қаралып, әр мәселе бойынша қаулы қабылданды.