Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

«Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлкі объектісінің тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
орталыққа жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған кезде бастап:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушіге өтiнiш келiп түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн қалғанда береді;
көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті;
құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жылжымайтын мүлікке құқық белгiлейтiн құжаттың телнұсқасы (қағаз жеткізгіште).
Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.
Тіркеу алымы салық салу объектісі тіркелген орны бойынша Қазақстан Республикасының бюджетіне айлық есептік көрсеткіштің 0,25 мөлшерлемесі көлемінде, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен төленеді.
Төлем сондай-ақ «электрондық үкімет» порталы төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады..
Қабылдау жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, (электронды) кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті бронға қоюға болады.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшiн қажетті құжаттар тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру туралы өтiнiш;
көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін беріледі);
құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған жылжымайтын мүлік объектісі тіркелген орны бойынша жергілікті немесе республикалық газеттің данасы;
жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын берілгені үшін алым төлегенiн растайтын құжат не төлем шлюзi арқылы берiлетiн төлем туралы чек.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
Құжаттарды қабылдаған кезде орталықтың қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен берілген мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін ол құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға орталық берген нысан бойынша жазбаша келісім береді.
Орталықта көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы жеке куәлігін және заңнамада көзделген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі үшін жүгінбеген жағдайда, орталық бір ай бойы олардың сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.
Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін дайын құжаттарды алу үшін орталыққа жүгінген кезде, орталық бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салады. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды орталыққа жібереді, содан кейін орталық дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді.
6) көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғалар үшін) тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушының (заңды тұлғалар үшін) атау, байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін алған күні көрсетіле отырып, сұрау салуды алғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.