Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Мемлекеттік қызметті «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

емлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық түрде (толық автоматтандырылған).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: салымшының транзиттік шоттары бойынша айналымдары.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
ХҚО-ға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші адамдар білдірген кезде – нотариат куәландырған сенімхат;
өсиетте көрсетілген адамдар үшін – өсиет;
нотариустар мен шетелдік консулдық мекемелер үшін – мұрагерлік іс, қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі;
соттар үшін – олардың өндірісінде жатқан істер бойынша ұйғарым.
Электрондық өтініште көрсетілген құжаттардағы мәліметтерді ХҚО тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Соттар үшін өсиетті ұсыну қажет емес;
порталда:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.