Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ҚАУЛЫ № 11

2015 жылғы   «08» сәуір 

Екібастұз қаласы Шідерті кенті әкімінің сайлауы туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы 14-бабының 12 - тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларының» 9-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:            

1. 2013 жылдың 14 мамырына Екібастұз қаласы Шідерті кенті әкімінің сайлауы тағайындалсын.

2. Екібастұз қаласы Шідерті кенті әкімінің сайлауына дайындық және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары (қоса беріледі) бекітілсін.   

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» № 555 Жарлығымен белгіленген Қағидаларға сәйкес сайлауды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету үшін Екібастұз қаласының әкіміне, Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысына жіберілсін. 

 

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы:                                                         Б.Б. Амантаев     

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы:                                                        С.И. Качура