kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

15ж.06.04. бастап 15ж.13.04. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

  1. Ер адам подъезд қалқанына құлап түскендігі және сол орынға келген жедел жәрдем бригадасына зардап шеккен адамды қалқаннан жерге түсіру үшін құтқарушылардың көмегі керектігі жөнінде хабарлаған «103» кезекшісінен қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, ваккумдық зембілдің көмегімен зардап шеккенді орнықтырып, жерге түсірді және әрі қарай емдеу орнына жеткізу үшін медицина қызметкерлеріне тапсырды. 
  2. Жаны қысылған ер адамға көмек көрсету үшін «жедел жәрдем» қызметкерлері келгендігі және ер адам өз пәтерінде құлап қалғандықтан өздігінен сыртқы есікті аша алмайтындығы және төмендегі қабаттағы көршілерін су ағызып жатқандығы туралы хабарлаған «103» кезекшісінен қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, альпинистік жабдықтың көмегімен тоғызыншы қабаттан сегізінші қабаттың балконына түсті, балкон есігі арқылы пәтерге кірді, сыртқы есікті ішінен ашты, осымен ер адамға көмек көрсету үшін медицина қызметкерлеріне жол ашты.
  3. Келіні ісіп кеткен саусағынан сақинасын шеше алмай жатқандығы туралы хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, тістеуіктің көмегімен сақинаны тістеп алды және саусағын босатты.      
  4. Көршісі екінші қабаттан арқанның көмегімен жерге түскісі келегендігі және балкон торында ілініп қалғандығы туралы хабарлаған әйел адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, альпинистік жабдықтың көмегімен бикешті жерге түсірді. Зардап шеккендер жоқ.    
  5. Подъездге шыққанда сыртқы есік артынан ысырмаға жабылып қалғандығы, пәтерде 1 және 5 жастағы балалары қалғандығы туралы хабарлаған әйел адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, альпинистік жабдықтың көмегімен үйдің шатырынан бесінші қабаттың балконына түсіп, балкон есігі арқылы пәтерге кірді және сыртқы есікті ішінен ашты. Зардап шеккендер жоқ.
  6. Сыртқы есік ішінен ысырмаға жабық тұрғандықтан, кешегі күннен  бері пәтеріне кіре алмай тұрғандығы туралы хабарлған әйел адамнан қоңырау түсті. Пәтерде есік қағысына және телефон қоңырауларына жауап бермейтін ата тұратындығын айтты. Терезеден ер адам еден өмір белгісінсіз жатқандығы көрініп тұр. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, учаскелік инспектордың қатысуымен гидравликалық құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты, бөлмелердің бірінде мүрдесі табылды. 
  7. Сыртқы есіктің құлыпы сынып қалғандықтан үйіне кіре алмай тұрғандығы туралы хабарлаған жалғыз тұратын зейнеткерден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, слесарлық құралдың көмегімен пәтердің есігін ашты.

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

бас құтақрушы-кинологы                                            Г.А. Куценко 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза