Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Жеңіс алауы» облыстық әскери-патриоттық эстафетасы

9 сәуір күні «Патриот» республикалық акциясы өз бастамасын алды.  Оның бастамасы ретінде Павлодар қаласындағы Жеңіс алауын жағу болды. Жеңіс алауы Ақсу қаласы, Май және Баянауыл аудандарында өтті, онда митингтер мен әскери-патриоттық іс-шаралар өткізілді.

13 сәуір күні эстафета Екібастұз қаласына да жетті. Жол бойында оған  спорт түрлерінің облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарының жеңімпаздары қатысты. Жеңіс алауын жағу құқығын Орталық Азияның матч кездесулерінің чемпионы, Қазақстан Республикасы құрамасының мүшесі Александр Монсков иеленді.

Митингке мектеп директорлары, тәрбие жұмысының орынбасарлары, аға тәлімгерлер, алғашқы әскери даярлық мұғалімдері, «Жас Ұлан»  балалар және жасөспірімдер ұйымы мен кадет мектебінің тәрбиеленушілері қатысты.

Жас ұрпаққа арналған тілек сөздерін Ұлы Отан соғысының ардагері Борисова Октябрина Илларионовна, Павлодар облысы білім беру басқармасының дене тәрбиесінің аймақтық оқу-тәжірибелік орталығының өкілі Аленов Темірболат Мұсабекұлы, Екібастұз қаласы қорғаныс істер бойынша біріккен бөлімнің басшысы Құсайынов Қанат Салкенұлы жолдады.

Эстафета аясында қалалың жалпы орта білім беру мектептерінде «Міндет, Намыс, Ерлік» атты әскери-патриоттық жарыстар, түрлі спорттық шаралар өткізілді.

По итогам  игр «Долг, Честь, Отвага» победителем признана школа № 2. По баскетболу среди девочек 5-6 классов первое место заняла средняя школа № 18, среди юношей  8-9 классов – школа № 22. Ученики 3-х классов средней общеобразовательной школы № 9 были самыми лучшими в «Веселых стартах». По футболу среди пятиклассников отличились учащиеся средней школы № 11.

Ойындардың қорытындысы бойынша «Міндет, Намыс, Ерлік» атты әскери-патриоттық жарыста № 2 мектеп жеңімпаз атанды. 5 және 6-сынып қыздар арасында өкізілген баскетболдан № 18 орта мектеп бірінші орынға иеленсе, 8 және 9-сынып ұлдарының арасында - № 22 мектеп. № 9 жалпы білім беру мектебінің 3-сынып оқушылары  «Көңілді мәреде» ең үздік атанды. Футболдан  № 11 орта мектептің 5-сынып оқушылары  бірінші орынды жеңіп алды

         Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдар және грамоталармен марапатталды.