Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Шами Хавдолда: мал дәрігері

Сәлеметсіз бе? Құрметті Александр Федорович! Қарасу ауылы Шами Хавдолдадан. ауылдық мал дәрігері Қонақпаев мырза Екібастұз қаласында тұрады мал ауырып шақырса келмеді, көмекшісіне айтатынын айтқан Жанайхан Гулбаданға ол кісіні де көрмедік. бір емес екінші рет қайталанғандықтан өз сауалымды жолдап отырмын осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймын.

Құрметті Хавдолда Шами!

 

Сіздің қала әкімінің  сайтына келіп түскен өтінішіңізге келесіні хабарлаймын.

         Бесқауға ауылының ветеринарлық дәрігері Қ.Х.Турумтаевқа 2015 жылғы 9 сәуірде Сізден шақырту түскен болатын. Бесқауға ауылына баратын жолдан өту мүмкіндігінің болмауына байланысты ветеринарлық дәрігер бара алмады.

         Сол күні Сіз Бесқауға ауылында тұратын, ветеринарлық санитарлық дәрігер Гүлбадам Жамайханға жүгіндіңіз.

           Гүлбадам Жамайхан Сіздің өтінішіңізден бас тартқан жоқ, бірақ қажетті дәрі-дәрмек болмағандықтан алғашқы ветеринарлық көмек көрсете алмады, яғни жеке қосалқы шаруашылықтардағы жануарларды емдеу үшін дәрі-дәрмектерді сатып алу Республикалық бюджетпен қарастырылмаған.

         Гүлбадам Жамайхан дәрі-дәрмектерді арнайы дәріханадан немесе ауыл тұрғындарынан қарызға алуды ұсынды. Одан кейін ол өз қызметін көрсетуге уәде берген, бірақ Сіздің тарапыңыздан ешқандай әрекет болмаған және ветеринарлық қызметкер Гүлбадам Жамайханға өтініш білдірілмегендіктен, ол қызмет көрсетудің қажеттілігі жоқ деген ойда болған.

         Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12-бабына сәйкес Сіз осы шешімге шағымдануға құқылысыз.

Екібастұз қаласы әкімінің  кеңесшісі                                        Н. Макраев