Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Біздің жас актерлер астаналық сахнаның төрінен көрінді

Екі күн бойы 9-10 сәуірде Астана қаласында балалар өнерінің республикалық фестивалі өткізілді. Еліміздің барлық облыстарының қосымша білім беру ұйымдарының үздік театр ұжымдары түрлі жанрлік қойылымдарда өз таланттарын тарту етті.

Фестивальда біздің қаланы  Екібастұз қаласының «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінің «Маска» үлгілі театр студиясы ұсынған болатын. 

         Біздің жас әртістер өзге өңірлерден келген өкілдерге ешбір мүмкіндік қалдырмады! «Витька Шитовтың хикаялары» атты тәжірибелі «қайнарлықтардың» заманауи драмалық қойылымы көрермендердің зор қолпаштауына ие болып, республикалық өнер фестивалінің Бас жүлдесін қанжығасына байлады.

                  

Білім бөлімі