Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Армандықтар» Мәскеуден жеңіспен оралды

2015 жылдың 29 наурызы мен 1 сәуірі аралығында  Мәскеу қаласында «Открытая Россия» атты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында орындаушылық шеберліктің XIII Халықаралық конкурсы өткізілді. Конкурстық күреске  Ресей мен посткеңестік елдердің 2 мыңға жуық жас орындаушылар қатысты. Ал біздің Қазақстанды Екібастұз қаласындағы «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінің «Арман» үлгілі вокалды-эстрадалық ұжымы ұсынған болатын. Армандықтар үйге кубоктар мен дипломдарға толы қоржынмен оралды. Эстрадалық вокал аталымы бойынша соло орындауда (7-9 жас) Саида Ерсинова, Дима Комарницкий және Анара Келдешева мен Нурлан Ерболовтың дуэті дипломант атанды. Соло орындауында Н.Ерболов ІІІ дәрежелі лауреат атағына ие болды (14-16 жас). 17-19 жас ерекшеліктері бойынша дәл сондай жетістікке Дмитрий Комарницкий мен Айбар Ашкеевтің дуэті қол жеткізді. Ал ІІ дәрежелі лауреат атағын 7-9 жас аралығындағы қатысушылар арасынан Іңкәр Абраева жеңіп алды.