Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Қаланың муниципалдық базарында өткен сенбіде «Қазақстанда жасалған» атты ауыл шаруашылығы көрме-жәрмеңкесі өтті.

         Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Өтен Токуровтың ақпараты бойынша, Екібастұз өңірінің 7 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, 8 ауылдық округі, кенті мен ауылдарынан,  сондай-ақ Баянауыл, Ерементау аудандары және Ақсу қаласынан өз өнімін ұсынды.

         Жәрмеңкеге сомасы 4,2 млн. теңгеге 15 тоннадан астам өнім әкелінді. Азық-түлік бағалары базарларға қарағанда 15 пайызға төмен болды. Қалалықтар сиыр етін 850-900 теңгеден, жылқы етін 1000-1200 теңгеден, қой етін 900-1000 теңгеден, шошқа етін 800-1000 теңгеден, «Қызылжар-Құс» ЖШС тауық етін килограммы 460 теңгеден, бірінші санатты жұмыртқаның он данасы 150 теңгеден, екінші санатты жұмыртқа 130 теңгеден әкелінді. «Лейла» диірмені кешені жоғары сұрыпты ұнды килограммы 70 теңгеден, бірінші сұрыпты ұнды  48 теңгеден, «Энергия-капитал» ЖШС 1-сұрыпты нанның бір бөлкесін 49 теңгеден сатты.

          Жергілікті өндіруші «Best-milk» ЖШС-ның сүтін 137 теңгеден сатып алу мүмкін болды, олар басқа да түрлі сүт өнімдерін ұсынды.

         Көкөніс өнімдерінің бағаларын төмендету мақсатында Байет ауылдық округінің «Эльдорадо» шаруа қожалығы және ЖК «Мухамеджанов»  1 килограммы 65 теңгеден 9 тонна картоп  және 55 теңгеден 1 тонна сәбіз сатты.

Сол күні қалалық «Атамұра» мәдениет орталығы мерекелік концерт ұйымдастырды.