Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сенбілікке дайындалайық

Бүгін қала әкімі Александр Вербняк қаланың басшылық құрамымен жалпықалалық сенбілікті өткізу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Сенбілік ағымдағы жылдың 18 сәуірінде өтеді.

         - «Богатырь Көмір» ЖШС-і 10 сәуірден бастап апта сайын «таза жұманы» және жалпықалалық сенбілікті өткізуге үндеу жасады. Қаланың барлық кәсіпорындары бұл бастаманы қолдады. Барлығыңызды өз ұжымдарыңызда түсіндіру жұмысын жүргізіп, қаланың санитарлық тазартылуына белсенді қатысуларыңызды сұраймын, - деп  А. Вербняк жиналысқа қатысушылардың назарын аударды.

Қала әкімінің орынбасары Мырзажан Үсенов жиналған қауымды қала аумақтарын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жоспарланған іс-шаралармен  таныстырып өтті.

- Айлықты өткізу барысында 720-ға жуық ұйымдар мен кәсіпорындар қатысатын болады, 25 мың адам. 100-ге жуық техника бірлігі іске қосылады. 2356 мың м² оралымішілік және елді мекендердің шеттерін әрі ескерткіштер, обелисктер мен стеллаларды  жөндеу жұмыстары жоспарланды. Айлық кезінде бес мыңнан аса көшет, ал 18 сәуір күні «Дүниежүзілік ағаш отырғызу күні» экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш отырғызылады, - деп М. Үсенов баяндады.

Қала кәсіпорындары, ұйымдары мен мемлекеттік мекемелеріне санитарлық тазалық үшін көшелер бекітілді.

         Қала басшысы кездесудің қорытындысы бойынша кәсіпорын мен бөлімдер басшыларының алдына бірқатар міндеттер қойды және нақты тапсырмалар берді.