Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Құрметті Екібастұз қаласының тұрғындары! Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары!

«Богатырь Көмір» ЖШС-і қалының барлық тұрғындарына 2015  жылдың 10 сәуірінен бастап қаланы абаттандыру туралы айлығы шеңберінде әр апта сайын «Таза жұма» өткізуге шақырады.

         18 сәуір күні барлығы қалалық сенбілікке шығып,  қала көшелері, алаңдары, саябақтары мен кәсіпорындар мен мекемелерге қарасты аулаларда абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылады.

         Сәуір айында Дүниежүзілік ағаш отырғызу күні аталып өтеді. Осыған орай, қалада жасыл желек: ағаштар мен талдарды отырғызу ұйымдастырылатын болады.

         Құрметті қала тұрғындары! Сіздерді аумақты жинауда және тал егуде белсенді қатысуларыңызды сұраймыз. Оқушыдан ақсақалға дейін қаланың барлық тұрғындарына аулаларды, подъездер мен шағын аудандарды абаттандыруға мүмкіндігінше атсалысуларыңызды сұраймыз.

         Қаламыздың тазалығы, жайы мен көгалдануы әр екібастұздықтың қолында.

Біздің сүйікті қаламызда тұру үшін таза, жайлы әрі қолайлы жағдай жасайық!

 

«Богатырь Көмір» ЖШС еңбекшілер ұжымы