kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

ХҚКО арқылы жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспортты қалай алуға болады?

        ХҚКО арқылы «Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспортты беру»  мемлекеттік қызметті алу үшін клиентте өзімен бірге келесі құжаттар болуы тиіс:  Жеке куәлігі және жылжымайтын мүлік объектісінің құқығын анықтайтын  құжаттар. Қызмет ақылы. Төлем өтініш берген кезде және дайын техникалық паспортты алған кезде қызметтің базалық  құны түрінде жүргізіледі. 

        Сонымен бірге бұл қызметті Электрондық Үкімет порталында, ХҚКО бармай өз компьютеріңізде отырып алуға болады. Осы үшін тиісінше, Ғаламторға шығып, порталға тіркелу мен ЭЦҚ болуы шарт.  Құжаттар тізімі ХҚКО ұсынатын құжаттармен бірдей, тек электрондық үлгіде ұсынылады.

         Қызметті көрсету мерзімі жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты:

1) пәтерге, жатаханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт 3 жұмыс күні ішінде беріледі;   

2)жеке  тұрғылықты үйлерге, жеке  гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт 7  жұмыс күні ішінде беріледі;    

3) жалпы алаңы 1000 шаршы метр жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт 10 жұмыс күні ішінде беріледі;      

4) жалпы алаңы 1000 шаршы метрден асатын  жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт 10 жұмыс күні ішінде беріледі.      

      Осы қызметті ресімдеген кезде  клиент техниктердің мамандармен байланысқа шығуы, олардың үйге бару уақыты жөнінде келісіп алуы үшін  деректерді дұрыс көрсету қажет.

 

 

     

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза