Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



15ж.30.03. бастап 15ж.06.04. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 10 сағ. 58 мин. әйел адам есік қағысына және телефон қоңырауларына жауап бермейтіндігі туралы хабарлаған 102 кезекшісінен қоңырау түсті.  Құтқарушылар оқиға орнына келіп, учаскелік инспектордың қатысуымен арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты, бөлмелердің бірінен әйел адамның мүрдесі табылды.      
  2. 07 сағат 08 мин. подъездің қалқанына ер адам құлап түскендігі, құтқарушылардың көмегі керектігі жөнінде хабарлаған 103 жедел жәрдем қызметкерінен қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, вакуумдық зембілдің көмегімен зардап шеккенді қалқаннан түсірді және жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.   
  3. 10 сағ. 00 мин. кіші жастағы баласы балконның есігін пәтер ішінен жауып қойып ашпайтындықтан, пәтеріне кіре алмай бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабаттың балконында тұрған әйел көмек сұрап тұрғандығы жөнінде қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, альпинистік жабдықтың көмегімен төртінші қабаттың балконынан үшінші қабаттың балконына түсті, слесарлық құралдың көмегімен балкон есігін ашты, бала пәтерде болды. Зардап шеккендер жоқ.

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

1-құтқару бөлімшесінің басшысы                                             С.Ю. Смирнов