Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Құрметті екібастұздықтар!

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС хозфекалды ағынды суларды тазалау жөніндегі қондырғыны қайта құру бойынша жұмыстарды атқаруға эмиссия алуға рұқсат алу үшін әзірленген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары жобасын қарастыру бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізетіндігін жариялайды.

         Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары жобасының толық нұсқасы және жоспар жобасы материалдарының қағаз нұсқасымен келесі мекенжайда танысуға болады:

         Екібастұз қаласы, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС, қоршаған ортаны қорғау бөлімі.

         Материалдардың электрондық нұсқасын электрондық пошта арқылы сұратуға болады: kymbat.altybassarova@Ekibastuz-gres1.kz.

Жоспар жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстарды электрондық пошта бойынша жолдауға болады: kymbat.altybassarova@Ekibastuz-gres1.kz.

         Қоғамдық тыңдауларды өткізу күні және орны: 22.04.2015 ж. сағат 11.30-да келесі мекенжайда: Екібастұз қаласы, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-нің электр стансасы, инженерлік-тұрмыстық корпусының 1-қабаты, мәжіліс залы.