Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Неге БЖЗҚ үшін «ҚазАгро» холдингін қорландыру тиімді?

«ҚазАгро» Ұлттық холдингінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаражатынан қорландыру бойынша жоспарлары қоғамда және БАҚ-да талқылау тақырыбына айналды. Сондықтан Холдинг аталған сұрақ бойынша кейбір анықтамалар беруді жөн көрді.

 

«ҚазАгро» мен Ұлттық банк арасында ұзақ уақыт БЖЗҚ қаражатынан қаржыландыруды тарту мүмкіндігіне қатысты келіссөздер жүргізілді, соның ішінде Үкіметтің қатысуымен. Қорытынды шешімді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Төрағасы Қ.Н. Келімбетов  - 2015 жылы «ҚазАгро» БЖЗҚ есебінен 80 млрд.теңге сомасына қаржыландырылатын болады деп мәлімдеді.

 

 

Неге «ҚазАгро» қаражатты тек шетелден ғана тартып қоймай, БЖЗҚ есебінен қорландырылады.

 

«ҚазАгро» алдыңғы уақытта халықаралық капитал нарықтарынан қаражат тартқан болатын, бұл үрдістер едәуір сәтті өтті. 2013 жылы Холдинг 4,625% жылдық пайыздық мөлшерлемемен 10 жыл мерзімге 1 млрд.АҚШ долларын, ал 2014 жылы – 3,255% жылдық мөлшерлемемен 5 жылдық мерзімге 600 млн.еуро тартқаны мәлім. «ҚазАгроның» еуробондтар бойынша мәмілесі қаржылық, мұнай-газдық, энергетикалық және металлургиялық салалардан емес алғашқы ұлттық компания боылп табылады. Мамандардың айтуынша, жаһандық капитал нарығында «ҚазАгро» холдингінің жағымды имиджі қалыптасты, ал Холдингтің өзі инвесторлар алдында келешекті  және сенімді қарызгер ретінде атаққа ие болды. 

 

Сонымен қатар «ҚазАгро» холдингі ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне қарыздарды көбінесе теңгеде беретінін ескреген жөн. Қаржылық сауықтыру бағдарламасы бойынша банктерді қорландыруды есептемегенде Холдингтің ұлттық валютадағы қарыз үлесі 96 пайызды құрайды. Сондықтан агроөндірістік кешеннің қаржылық ресурстарға деген қажеттілігін назарға ала отырып, қаржыландыру көздерінің  теңгелік және валюталық балансы сұрағы «ҚазАгро» үшін өзекті тапсырма болып табылады. Осы орайда БЖЗҚ ұзақ мерзімді теңгелік ресурстары бар Қазақстандағы ірі инвестор болып табылады, сондықтан Зейнетақы қорына жүгіну анық.

 

Сондай ақ, капитал нарығындағы қазақстандық эмитенттер үшін жағдайдың өзгеруі тағы бір фактор болып табылады. Мұнайдың әлемдік бағасының түсуіне себепті инвесторлар қазақстандық эмитенттердегі тәуекелдерді қайта қарастырып, нәтижесінде Қазақстандық эмитенттер үшін қарыз алу мөлшерлемесінің өсуі байқалады. «ҚазАгро» сияқты әлеуметтік бағытталған компаниялардың клиенттері үшін өте сезімтал жайттар.

 

 

«ҚазАгро» БЖЗҚ қаражатын қайда жұмсауды жоспарлауда  

 

Айтылғандай, ауыл шаруашылық саласын алда қаржыландыруға айтарлықтай қажеттілік бар. Есептеулер бойынша, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінң 2020 жылға дейін бекіткен мастер-жоспарларына сәйкес басымдық инвестициялық жобаларды іске асыруға 1,5 трлн. теңгеге жуық қаражат бағыттау керек. Дамудың басым бағыттарының ішінде – жеміс-көкөніс шаруашылығы, интенсивті бақша шаруашылығы, ет және сүт мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, жем-шөп шаруашылығы, мелиорация және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қайта өндірісі. Мастер-жоспарлардың іске асырылуының негізгі мақсаты импортқа тәуелділікті төмендету және отандық АӨК өнімдерінің экспортын ұлғайту, сонымен қатар ауылдағы орта және шағын бизнестегі жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру. Алдын ала есептер бойынша көзделген барлық жоспарлардың іске асырылуы 2015 жылдың өзінде ғана 30 мың адамды жұмыспен қамтиды.

 

Сонымен қатар, мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында агроөндірістік кешенді дамытуды қолдау шеңберінде АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру жұмыстарын жалғастыру туралы нақты тапсырма берілген болатын, қолдау көлемін 500 млрд.теңгеге дейін ұлғайту тапсырылды.

 

Қаржылық сауықтыру бағдарламасы бойынша қысқаша.

 

Қаржылық сауықтыру бағдарламасы – мемлекет тарапынан сыйақы мөлшерлемені субсидиялау және «ҚазАгро» қорландыру қаражаты түрінде қолдауы арқылы АӨК субъектілерінің несиелік/несиегерлік міндеттемелерін қайта қаржыландыру, қайта құрылымдау жолымен АӨК субъектілерінің қаржылық жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар болып табылады.

 

Жеке бизнестің қарыздық жүктемесін азайту үшін қорландырудың не қажеттілігі бар, проблемалық кәсіпорындарды банкроттауға мүмкіндік берген жөн емес пе деген сұрақтар туындайды. Әрине, тіршілікке икемсіз кәспорындарға түбегейлі шаралар қолдану қажет. Дегенмен, бүгінгі күні қиындықтарды өткеріп жүрген компаниялар ішінде қаржылық сауықтыру процедурасы өндірістік қызметті қайта жандандыруға немесе кеңейтуге мүмкіндік береді. АӨК субъектілерінде қаржылық қиындықтардың туындауында бірнеше объективті себептер бар. Ең біріншіден, компаниялардың ұзақ мерзімді жобаларға банктерден қысқа мерзімді несиелердің алуы қаржылық жағдайларына септігін тигізді. Осы орайда банктер ұзақ мерзімді қорландыруға мүмкіндігі болмады, сондықтан аса ұзақ мерзімді несиелер берілмеді. Өндірістің төмен өтімділігі компаниялардың ескі несиелерін жабу үшін жаңа несиелер алуына әкеліп соқты. Пайыздар капиталдандырылды, қарыздық жүктеме өсті. Жағдайға кері әсерін 2010, 2012 және 2014 жылдардағы келеңсіз ауа райы да септігін тигізді.

 

Компаниялардың банкротталуы мыңдаған жұмыс орындарының жабылуына, шаруашылық байланыстардың жоғалуына, егін жерлерінің бос қалуына және астық өндірісінің қысқаруына әкеліп соқтыратынын түсіне отырып, Үкімет сауықтыруға және қалпына келтіруге мүмкіндігі бар ауыл шаруашылық кәсіпорындарына қатысты қолдау бағдарламасын қолдану туралы шешім қабылдаған болатын. Қолдау шаралары екінші деңгейлі банктерді «ҚазАгро» Ұлттық холдингі тарапынан ұзақ мерзімді қорландыру арқылы компаниялардың несиелері бойынша мерзімдерді ұзарту жолымен жүзеге асырылды. Осы орайда қаржылық сауықтыру АӨК субъектілері меншігі, кредитор және мемлекет тараптарынан көрсетілетін қолдау көлемі бойынша тепе-теңдік тұрғыда жүргізіледі.

 

2013-2014 жылдарының қорытындысы бойынша 313 млрд.теңге сомасына 292 АӨК субъектілері /оның ішінде 245 млрд.теңге немесе 78 пайызы «ҚазАгро» арқылы қорландырылды/ сауықтырылғанын атап өткен жөн және бұл шаралар арқылы 5 млн.га жер алқабы өңделді.  Қабылданған шаралар нәтижесінде 25 мың жұмыс орындарын сақтап, несиелік жүктемені 5 есе азайтуға мүмкіндік берді.

Ауылдық жерде Қазақстан халқының 45 пайызы тұрады, 20 пайыздан астам тұрғындар ауыл шаруашылық саласында қамтылған. Сондықтан республиканың агросаласындағы жұмыс орындарын сақтау өзекті мәселе болып табылады.

 

 

Неге БЖЗҚ үшін «ҚазАгро» холдингін қорландыру тиімді?

 

Біріншіден, БЖЗҚ тікелей ауыл шаруашылығын қаржыландырмайды, өзара тиімді негізде «ҚазАгро» холдингінің облигацияларын иеленеді. «ҚазАгро» - Қазақстандағы үш ұлттық басқарушы компаниялардың бірі, және Қазақстан Республикасындағы – Standard&Poor`s  халықаралық рейтингтік агенттігінің межесі бойынша ВВВ деңгейіндегі рейтингі бар 3-4 эмитенттің бірі. Бұл ҚазАгроның рейтинг агенттігі мойындаған жоғары төлем қабілеттілігі бар екендігінің көрсеткіші. Сонымен қатар, инвесторлар тарапынан жоғары сенімнің көрсеткіші болып «ҚазАгро» еуроблигацияларына жоғары қайта жазылымы көрсетеді, 2014 жылы сұраныс ұсыныстан 4,5 есе көп болды.

 

Екіншіден, басқа салалар сияқты ауыл шаруашылығында да өзіндік тәуекелдердің бар болғанымен бұл саланы қаржылық тартымсыз деп атауға болмайды және негізгі капиталды инвестициялау статистикасы оны айқындайды. 2014 жылдың өзінде ғана инвестициялар 14 пайызға өсті, осы тұрғыда ауыл шаруашылығында 99 пайыз – жеке бизнес екенін ескерген жөн, ал жеке кәсіпкерлер – альтруисттер емес, олар өз пайдасын көре тұра, ауыл шаруашылыққа өз қаражатын салады.

 

Инвесторлардың негізгі мақсаты қандай – БЖЗҚ салымшыларының? Минималды немесе мүмкін тәуекелдер жанында жоғары пайда табу. Осылайша, Ұлттық банк – БЖЗҚ активтерінің басқарушысы ретінде тәуекелі барынша төмен, бірақ мүмкіндігінше максималды жоғары пайда әкелетін салым активтерін табу керек. Қаржылық құралдарға активтерді салу кезінде мемлекеттік бағалы қағаздар, мемлекеттік сыңайлы сала активтері мен бағалы қағаздары және екінші деңгейлі банктер депозиттері арасында таңдау сұрағы тұрады. Осы тұрғыда мемлекеттік сыңайлы саланың несиелік рейтингтері банктердің рейтингтерінен қарағанда әлдеқайда жоғары. Мемлекеттік сыңайлы компаниялар мемлекеттік бағалы қағаздардан қарағанда жоғары табыстылықты ұсынады, шамамен банктермен бір деңгейде. Мысалы, «ҚазАгро» /мемлекет деңгейінде ВВВ рейтингі/ 8,13%-бен 10 жылға қарыз алды, Қаржы министрлігі /ВВВ рейтингі/ 7,67%-бен 15 жылға, Халық банкі  /ВВ рейтингі/ 8,3%-бен 10 жылға, Казком /В рейтингі/ 8,75%-бен 7 жылға. Осылайша, салымшының көзқарасы бойынша мемлекеттік сыңайлы компанияларға және «ҚазАгроға» салу – табыстылық пен тәуекелділік үйлесімінде ең жақсы таңдау болып табылады.

 

БЖЗҚ сондай ақ, салымшылар базасын ұлғайту бойынша мәселені шешеді, сәйкесінше «ҚазАгро» инвестициялар есебінен құрылған жұмыс орындарындағы жұмыскерлер зейнетақы аударымдарын  жүзеге асырады.

 

 

Анықтама:

2014 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазАгро» холдингінің шоғырландырылған активтері 38 пайызға өсіп, 960 млрд.теңгені құрады. 2014 жылы Холдингтің табысы 5,9 млрд.теңге болып, 2013 жылмен салыстырғанда табыс көлемі 3,5 есе өсті. 

 

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ  - Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы №220 «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кейбір мәселелері туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы №1247 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы №220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қаулысына сәйкес құрылған.

Холдинг АӨК саласында қызметін жүзеге асыратын ЕАҚ инвестициялық активтерін тиімді басқаруды және корпоративтік мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасының АӨК дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатымен құрылған.

 

 

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметі