Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



№ 1 мектеп оқушыларымен кездесу

2015 жылдың 2 сәуір күні конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының ұйымдастыруымен № 1 орта мектебінің 9-11- сынып оқушыларымен “Жастардың деструктивті діни ағымдарға еліктірудің қаупі” тақырыбында кездесу өтті.  Кездесудің негізгі мақсаты – Екібастұз өңірінде діни сауаттылықты көтеру, сонымен қатар діни экстремизм мен жалған дәстүрлі діни қызметтердің алдын алу. Аталмыш шараға орталықтың директоры Нұрлан Туребаев, Екібастұз қаласы мешітінің наиб имамы Төлеген Құсаиынов, инспекторлар Кажияхмет Рахимбердин мен Мағрипа Сыздықова қатысып, ислам дініндегі діни ағымдардан келетін қауіп туралы сөз қозғады.