kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Алмагул: Балабақша

Қурметты аким менің балам №16 "Балдаурен" садына барады. Казакша балабақшаларына неге акша ремонтка бермеиды. Крыша агады, стенттер әр турлы, топтарда оиыншыктар жок. менгерушы барыне акша жок деиды. Топтарга акша жинаимыз. Жылда быр рет акша болуге болады гои.

Құрметті   Алмагүл!

Сіздің «Балабақша» аталымы бойынша қала әкімінің ресми сайтына жолдаған  өтінішіңізге  білім бөлімі  хабарлайды .

Осы өтініш білім бөлімінің мамандарымен қарастырылды. Бала бақша меңгерушісі М.Г.Арыстановадан түсініктеме алынды.

Тексеру барысында  өтініште баяндалған фактілер  расталмағаны белгілі болды.

№16 бала бақша  2013 жылы 26 224,0 мың теңге көлемінде қаржыландырылды. Сонымен қатар жиһаз сатып алуға  2304,0 мың теңге, бала бақшаны ағымды  жөндеуге 77,0 мың теңге, ойыншықтар сатып алуға  - 54,0 мың теңге,  кеңсе тауарларына-77,0 мың теңге, жуғыш құралдарын сатып алуға  -75,0 мың теңге, шаруашылық тауарларын сатып алуға - 126,0 мың теңге  қарастырылған.

Бала бақша қызметкерлері шатырды қардан тазалаған, бірақ жаңбыр жауған кезде су төбеден бала бақшаның ішіне, атап айтқанда, дайындық тобы мен дәлізге  аққан.

2009 жылы 1857,923 мың теңге сомасына төбе жабындысына ағымды жөндеу жүргізілді.

Бала бақша басшылығы тарапынан 2013 жылы төбені жөндеуге өтінім берілген жоқ. Төбе шатырын ағымды жөндеуге ақшалай қаржы бөлу 2014 жылы қарастырылатын болады.

Қазақстан Республикасының  2007жылғы 12.01-дегі  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 10-бабы негізінде Сіздің қабылданған шешімге шағымдануға құқыңыз бар.

Білім бөлімінің

бастығы                                                     М. Қайырбаева

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза