kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Қала басшысы әкімдік мәжілісін өткізді

          31 наурызда қала әкімі  Александр Вербняктың басшылығымен  әкімдік мәжілісі өткізілді. Отырыстың жоспарына сәйкес 3 мәселе қаралды.

Екібастұз қаласы әкімінің есеп беру кездесулерінде тұрғындармен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы туралы  қала әкімі аппаратының басшысы Мәриям Адасбаева айтты. Қала әкімімен 17 есеп беру кездесуі өткізілді. Оларға 2545 адам қатысып, 39 қатысушы сөз сөйледі. Әлеуметтік сипаттағы 34 мәселе көтерілді, олардың 17–сіне сол жерде түсінік беріліп, 17 ұсыныс бақылауға алынды және іс-шаралар жоспарына  енгізілді.  

Білім бөлімі басшысы Нуржамал Макумованың мәлімдеуінше,  2014-2015 оқу жылында Екібастұз өңірінің жалпы орта білім беретін мектептерінде 11-сыныптарда 811 түлек оқиды, сонымен қатар  облысқа қарасты 2 мектепте 77 түлек оқиды. Алдын ала берілген мәліметтер бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 513 түлек өтініш білдірді, соның ішінде  «Алтын  белгi» аттестатын алуға  үміткер 5, ал үздік аттестатқа 5 үміткер.

Екібастұз қаласының аумағында абаттандыру қағидасын сақтау бойынша «Ұсақ құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» акциясы шеңберінде қабылданған шаралар және үй жанындағы аумақтарда абаттандыру қағидасын сақтау және полиция учаскелік инспекторларымен бірлесіп жүргізілген рейдтердің нәтижелері жөнінде Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасы басшысының  орынбасары Ади Данияров пен тұрғын үй инспекциясының басышысы Лариса Векшина есеп берді.

           Әкімдік мәжілісінің барлық мәселелері қаралып, әр мәселе бойынша қаулы қабылданды.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза