Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Домалақ үстел

27 наурызда Павлодар облысының дін істер басқармасы «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ және Екібастұз  әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ бірлесе отырып, «Қазіргі кездегі дінтану және исламтану өзектілігі» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бұл шараға мемлекеттік органның өкілдері, ресми дін өкілдері, қаланың студенттік жастары шақырылды.

       Павлодар облысының дін істер басқармасы «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ ақпараттық–насихаттау жұмысы бөлімінің басшысы Зайда Өмірбекқызы  Павлодар аймағының жастар  арасында діни антирадикал иммунитеттің дағдыландыруы туралы  жасалынып жатқан жұмыстары жайлы айтып берді.

          Павлодар облысының дін істер басқармасы «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ ғылыми-әдістемелік бөлімінің бастығы, психологиялық ғылымының кандидаты Құралай Жұмкенқызы деструктивті ортаға жоғары қауіпті електірудегі жастардың психологиялық ерекшеліктерімен танысмтырып өтті.

Павлодар қаласының "Ақ мешіт"  мешітінің өкілі Біржан Әкімбеков және Екібастұз қаласы мешітінің  наиб имамы Дастан Смағұлов «Дін  және жастар»  тақырыбында сөз сөйледі.

             Екібастұз қаласының № 9 орта мектебінің дінтану-тарих ұстазы Иван Трухин жастардың дінге деген көзқарасы жайлы әңгімеледі.