Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жасымбекова Назыгул Хамзиновна: Екібастуз ЗАГС

Құрметті әкім! Менің баламның Жасымбеков Алданыш Арманұлы 14.11.1999ж туу туралы куәлігінде аты -жөні аралас түрде жазылған,сол себепті құжатты ауыстыруға ЗАГС-ке өтініш беріп құжаттарымды тапсырғаныма 1 жыл 2 айдың жүзі болды (2012ж қаңтар айынан бастап),еш нәтиже жоқ.Баламның туған жері Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы.Құжатты әлі ауыстырған жоқ,ЗАГС қызметкерлері өз жұмыстарын атқармай отыр,балама құжатты ала-алмай отырмын,соны қадағалап ,көмектессеңіз екен.

Құрметті Назыгул Хамзиновна!

Екібастұз қаласының Әділет басқармасы қала әкімінің сайтына келіп түскен өтінішіңіз туралы мәлімдейді.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының АХАТ бөлімінде тіркелген 1999 жылдың 24 қарашасының № 95 туу туралы акт жазбасына өзгертулер енгізу туралы өтініші 2013 жылы 29 қаңтарында Екібастұз қаласының Әділет басқармасында тіркелген.

Аталған өтініш бойынша Екібастұз қаласының Әділет басқармасымен 2013 жылғы 12 ақпанында қорытынды шығарылды.

Жоғарыда көрсетілген қорытындыны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының АХАТ бөліміне өзгертулер енгізіліп қайта куәлік жолдау үшін жіберілген.

Бастықтың міндетін

атқарушы                                                                            А. Ережепов