kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Айнур: КСК ИП Диас

Құрметті қала әкімі.Мен 2007 жылдан бастап Королева 92 үйде тұрып жатырмын. Былтыр бізден жылы және суық су құбырларын жөндеу үшін 14000 мың теңге жинады.Ол кезде басқа КСК болды. Ол жертөле құрғақ, барлық жұмыстар жасалды деді. Тамыз айында ол кетіп қалды. Қазір С.Сақтағанова "Диас" КСК келді. Ол бізден қайтадан 6400+6500=12900т. ыстық және суық су құбырларын жөндеу үшін ақша жинап алды.Ақша жиналғанға дейін ыстық және суық суды сөндіріп тастады. Су тасумен болдық. Енді 14-ші подьезде ыстық су жоқ.Ақша тапсырған кезде бізге түбіртек бермейді.Сөйлесуге барсақ, адамдармен дұрыс сөйлеспейді. Ешқандай қарызым жоқ. Осы мәселелерді шешіп беруіңізді сұраймын.

Құрметті Айнұр!

Сіздің ыстық сумен жабдықтаудың жоқтығы мәселесі бойынша келесіні хабарлаймын:

«Диас» ЖК-нің қызмет көрсетуіндегі Королев көшесі, 92 тұрғын үй 5 қабатты, 16 кірешекті, 226 пәтерлі.

2012 жылы жоғарыда аталған үйде «Диас» ЖК төрағасы, қалалық мәслихат депутаты, «Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖБ» ММ, «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мамандарының қатысуымен  жертөле жайын құрғату және 4 жылу түйіндерін жөндеу, сумен жабдықтау жүйесіне күрделі жөндеу мәселесі бойынша пәтер иелерімен бірнеше рет жиналыс өткізілді. Жиналыста тұрғындар суық және ыстық сумен жабдықтау жүйесіне күрделі жөндеуді пәтер жай иелерінің мақсаттық жинақ есебінен жүргізу туралы шешім қабылдады.

2012 жылғы қазан айында суық және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесіне күрделі жөндеуді аяқтады, сонымен бірге жертөле жайы құрғату бойынша  қалалық депутат көмек берді.

Қосымша ретінде, 14 кірешектің тұрғындары ыстық сумен жабдықтаудың күрделі жөндеуіне мақсаттық жинақ тапсырылмады, осыған байланысты үйдің белсенді топтарын борыштыларға ыстық су қоспау шешімін қабылдады. Белсенді топтардың хаттамасы қоса беріліп отыр. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» Заңының 35 бабының 1-3 тармағына сәйкес жай меншік иелері жалпы мүлікті және үйді күтуге кететін шығындарға қатысуға міндетті, және бөлек (жеке) меншігінде гі жайлар мен жалпы мүлікті пайдаланудағы қауіпсіздігі мен мүлтіксіз сақталуына жауапкершілігі  артады. Жалпы мүлікті күтуге кететін шығындардың көлемі егер меншік иелерінң басқа келісімді қарамаса, онда жалпы мүліктегі жай меншік иесінің үлесіне сәйкес белгіленеді.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы негізінде Сіз қабылданған шешімді қайта қарауға құқыңыз бар.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің

тұрғын үй инспекциясы бөлімі»

ММ бастығы                                                  Л. Векшина

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза