Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Гулим: ЕМК

Сәлеметсізбе ЭГТ каналы. Мен Екібастұз Медициналық колледжінде оқимын. Мен және менің класстастарым Жаңа жылға қарсы Тұрақты үйі жоқ тұрғыларға шағын концерт үйымдастырдық, сонда ЭГТ каналынан келіп бізді түсірді. Бірақ біз теледидардан оны көре алмадық, сондықтан менде сіздерге өтініш бар! Маған сол видеоны жібере аласыз ба?! Осы сұрағыма жауып күтемін.

Құрметті Гулим!

Сіздің Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына түскен өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз:

Жаңа жыл қарсаңында Екібастұз медициналық колледжінің ұйымдастырған қайырымдылық концерті Екібастұз қалалық телеарнасымен түсіріліп, 2013 жылы 27 желтоқсанда  сағат 19.30, 19.45, 23.00, 23.15 және  28 желтоқсанда сағат 13.15, 13.30 «Жаңалықтар» бағдарламасында қазақ және орыс тілдерінде эфирге шығарылды.  Бейнематериалдың көшірмесін жасау үшін Энергостроителей – 9,  (330992,  740063 тел.) мекенжайында орналасқан Екібастұз қалалық телеарнасының басшылығына жолығуға болады.