Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



15ж.16.03. бастап 15ж.23.03. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 09 сағ. 22 мин. көршісін балконға баласы жауып қойғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қолңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, үйдің шатырынан үшінші қабаттың балконына түсті, балкон есігін ашты, бала пәтерде болды. Зардап шеккендер жоқ.
  2. 09 сағ. 07 мин. сыртқы есік ішінен ысырмаға жабық тұрғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрғандығы, ал пәтерде 1,5 жасар бала бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, подъездің қалқаны арқылы екінші қабаттың балконына көтерілді, балконнан пәтерге кіріп, сыртқы есікті ашты. Бала пәтерде болды.  
  3. 08 сағ. 42 мин. сыртқы есік ішінен ысырмаға жабық тұрғандықтан үйіне кіре алмай тұрғандығы, ал пәтерде инсульттан кейінгі күйеуі құлап қалып, есікке жете алмайтындығы туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Содан кейін құтқарушылар ер адамды көтеріп, кереуетке жатқызды.
  4. 07 сағ. 30 мин. Екібастұз-Астана тас жолында «Хюндай Соната» автокөлігінің істен шыққандығы, жолаушыларды көшіруге құтқарушылардың көмегі керектігі жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, жолаушыларды Байет ауылына дейін жеткізді. 

 

  

 «ҚР ІІМ ТЖК Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

«ҚР ІІМ ТЖК Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

3-құтқару бөлімшесінің басшысы                                              Оспанов М.М.