kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Наурыз мейрамын мерекелеу аясында «Қамқорлық»-«Жеңіс» көктемгі қайырымдылық айлығын өткізу туралы

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу қарсаңында қала әкімдігімен 2015 жылдың 20 нурызынан 19 сәуіріне дейін «Қамқорлық»-«Жеңіс» облыстық көктемгі қайырымдылық айлығы өткізілуде.

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға, аз қамтамасыз етілген азаматтарға, жетім-балалар және мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық жасалатын болады.

«Қамқорлық»-«Жеңіс» айлығы қала әкімінің Наурыз мейрамын мерекелеу аясында құттықтау акциясымен басталды. Бұл шараны меншіктің түрлі нысандарындағы қала кәсіпорындары мен ұйымдары қолдап, мерекелік жиынтықтар дайындады.

Олар - «Әлем Нарық» ЖШС-і соғыстың 33 қатысушысы үшін; «Халық Банкі» АҚ ЕРФ, «Казкоммерцбанк» АҚ ЭФ, «Евразийский банк» АҚ, «Цесна банк» АҚ, «Fortebank» АҚ, «БИПЕК АВТО» ЖШС-қайтыс болған соғыс мүгедектерінің 60 әйеліне; «Екібастұз-Автовокзалы» ЖШС-і концлагердің кәмелетке толмаған бұрынғы 10 тұтқындарына; муниципалдық нарық, «Болашақ» ЖШС, «БИПЕК АВТО» ЖШС, «Олжас» кафесі - әлеуметтік қызметкерлермен үйде қызмет көрсетілетін 108 мүгедек-бала үшін; «Грань», «Промсервис Отан», «Павлодарэнерго», «Тамыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері 100 мұқтаж азаматтар үшін.

 





Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза