kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Сади Хамидовты туған күнімен құттықтау

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы күнін өткізу бойынша іс-шаралар аясында  «Туған күніңмен ардагер» акциясы жалғасуда.

Соғысқа қатысқан Сади Хамидов 2015 жылдың 20 наурызында 89 жасқа толды.

Сади Хамидов Бұхар облысы, Гиждуван ауданында дүниеге келген. Саиткент ауылының жеті жылдық мектебін бітіргеннен кейін, колхозда жұмыс істеген.

1943 жылдың желтоқсанында Кеңес Армиясының қатарына шақырылды. Орловтағы ұрыс қимылдарына, Кенигсберг үшін соғысқа  қатысқан. 1945 жылдың 3 сәуірінде Пылау қаласында жараланып госпитальға жіберілді. 1950 жылы демобилизацияланған. Отан соғысының 2-дәрежедегі  Орденімен, «Германияны азат еткені үшін»  және мерейтой медальдарымен марапатталған.     

Ардагер туған күнінде Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняктың құттықтауын қабылдады.

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза