Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұздағы Наурыз мейрамын тойлау

Наурыз мейрамын тойлау аясында Екібастұзда халықтық ойын-сауық, концерттер, жәрмеңкелер, сайыстар, спорттық іс-шаралар өткізіледі.

Қала әкімі Александр Вербняктың жетекшілік етуімен ұйымдастыру комитеті құрылды. Мереке қарсаңында қала аумағының санитарлық тазартылуы мен аббатандырылуы бойынша дәстүрлі айлық жарияланды. Оралымішілік аймақтарды, көшелерді, саябақтарды, гүлзарбақтарын жинау басталды.

Мейрамды тойлау 12 наурызда тарихи-өлкетану музейінде мүсінші, сәндік қолданбалы өнер шебері Баян Қайнышеваның жеке көрмесінен басталды.

Наурыздың 17-нен 19-на дейін «Өнер» қалалық мәдениет орталығында "Шуақты Наурыз" атты балаларға арналған мерекелік бағдарлама және  «Балапан-2015» облыстық  вокалдық шеберлік сайысы өтті.

         Наурыздың 15-нен 30-на дейін қалалық және ауылдық кітапханаларда "Төрлет, Наурыз мейрамы", "Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні" кітап көрмелері, әр түрлі сайыстар мен тақырыптық кештер ұйымдастырылды.

         20 наурыз күні «Атамұра» мәдениет орталығының шығармашылық ұжымының қатысуымен «Бауырсақ пати»  танымдық шоу тамашаланды. Шараға қаламыздың № 1 мектеп лицейінің 1-сынып оқушылары, мұсылман әйелдері лигасы, «Кәусар» әжелер ансамбілі шақырылды. Шара барысында  жыл басы - Наурыз  туралы түсініктер беріліп,  отпен аластау, кимешек кигізу сияқты дәстүрлер көрсетіліп, көкпар, асық ойындары ойнатылды.

21 наурызда муниципалдық нарық қала тұрғындарын ауылшаруашылық жәрмеңкесіне шақырады.

Негізгі 22 нау­рыз күнгі іс-шаралар  қаланың орталығындағы «Қазақстан» кинотеатрының алаңында және 19 шағынаудандағы «Өнер» қалалық мәдениет орталығының  жанында «этноауыл» құрылып, өткізілді.  

        Дәстүр бойынша Екібастұз өңіріндегі қала құраушы кәсіпорындар «Богатырь Көмір» ЖШС, «МАЭС-1» ЖШС, «МАЭС-2» АҚ, «Восточный» кеніші, «Горэлектросеть», шағын және орта бизнес кәсіпорындары, білім беру, денсаулық сақтау мекемелері және тағы басқа ұйымдармен безендірілген мерекелік киіз үйлер құрылады, онда Құрметті азаматтарға, Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлеріне дәм, сый көрсетілмек. Жалпы қалада 33 киіз үй құрғызылмақ.  Мерекенің қонақтары жоғарыда аталған кәсіпорындармен әзірленген Наурыз көжеден, бауырсақтан және тәттілерден дәм тата алады.

Қала басшысы екібастұздықтарды мерекемен құттықтап, киіз үйлерді аралайды. Және де бұл күні жылдағыдай киіз үйлер байқауы өткізіледі.

        Екібастұздың тұрғындары мен қонақтарына аймақтың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Ұлыстың күні - ұлы күн» мерекелік концерт  ұйымдастырылады. 

    Бұдан басқа ұлттық және спорттың басқа түрлері – қазақша күрес, кір көтеру, армрестлинг, қанат тарту, жарыстар сияқты жаппай спорттық іс-шаралары жоспарда.

Әлеуметтік қолдау шараларымен 5 мыңнан астам адам қамтылмақ.