kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Хаттама «Жеңіл автокөлікті жүргізушімен бірге жалға алу бойынша қызметтер» мемлекеттік сатып алуды бір көзден сатып алу тәсілімен жүзеге асыру туралы қорытынды

Екібастұз қаласы                                                                                                                                                        18 наурыз 2015 жыл

                                                                                                                                                                                             сағат 15.00-де

1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі 45 бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Қызметтік пайдалануға жүргізушімен бірге жеңіл автокөлікті жалға алу бойынша қызмет.

2. Сатып алуға бөлінген сома:

1) Лот № 1- «Екiбастұз қаласы әкiмiнің қызметтік пайдалануына жүргізушімен бірге жеңіл автокөлікті жалға алу бойынша қызмет 1 дана авто көлік» 4004030,19 (Төрт миллион төрт мың отыз теңге 19 тиын)

2) Лот № 2 – «Екiбастұз қаласы әкiмi орынбасарларының қызметтік пайдалануына жүргізушімен бірге жеңіл автокөлікті жалға алу бойынша қызмет 3 дана авто көлік» 8326340,99 (Сегіз миллион үш жүз жиырма алты мың үш жүз қырық теңге 99 тиын)

3.Бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды қолдану негіздемесі: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 2) тармақшасына және Екібастұз қаласы әкімі аппараты басшысының 2015 жылдың 3 наурыздағы №4  бұйрығы негізінде.

4. Әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарға сәйкестігі : «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен)  8-бабының  1) тармақшасында қарастырылған  талаптарға сәйкес.

5.  Жұмыстарды  мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалатын өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы: «Офис-сервис» ЖШС, 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 48 үй, шарттың бағасы: ҚҚБ  ескерусіз 12330371 теңге 18 тиын (Он екі миллион үш жүз отыз мың үш жүз жетпіс бір)  теңге 18 тиын.

6. Сарапшы бекітілген туралы ақпарат, сараптамалық қорытынды: жоқ

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір көзден сатып алу сатылымында көрсетілген нәтиже бойынша ШЕШТІ:

1) «Жеңіл автокөлікті жүргізушімен бірге жалға алу бойынша қызметтер»

 «Офис-сервис» ЖШС мердігерінен сатып алу, 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 48 үй.

2) «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі 45, 2015 жылдың 30 наурызына дейін «Офис- сервис» ЖШС-мен шартқа отырсын.

3) «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсына жолдасын.

        

         Екібастұз қаласы әкімі

          аппаратының басшысы                                            М.Адасбаева

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза