Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі»

 мемлекеттік мекемесі

Өтен Борумбайұлы Токуров 1955 жылы Көкшетау облысы Рузаев ауданының  Рузаевка ауылында дүниеге келген. Ол 1978 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын тәмамдап, зооинженер біліктілігін алды.

  Еңбек жолын 1978 жылы Рузаев ауданының мемлекеттік асыл тұқымды мал шаруашылығы стансасында зоотехник мамандығынан бастап, бас зоотехник, партия ұйымдастырушысы және кіші ғылыми қызметкер лауазымдарымен жалғастырды. 1996-1999 жылдар аралығында кәсіподақ комитетінің төрағасы болды.

   Өтен Борумбайұлы Токуров ауыл шаруашылығы басқармасында маман болып жұмыс істеді, Байет ауылдық округінің әкімі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

   Екібастұз қаласы әкімінің 2012 жылғы 18 маусымдағы №120/1 өкімімен «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы болып тағайындалды.

 

Мекенжайы: Екібастұз қаласы, Екібастұз қаласының 50 жылдығы көшесі, 10.

Электронды мекенжайы: OTDEL_OSH@mail.ru

Ғаламтордағы сайты: http://selhoz.ekibastyz.gov.kz/

Телефоны: 8 (7187) 754237, 754238

Азаматтарды жеке қабылдау апта сайын бейсенбіде сағ.16.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.