Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына
кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке
толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
«электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) www.e.gov.kz арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:
ХҚО-ға құжаттарды тапсырған (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейді;
көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты 5 минуттан аспайды;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты 5 минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүліктеріне иелік ету үшін, банктерге кәмелетке толмаған балалардың мүліктеріне иелік ету үшін берілетін анықтамалар.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі электрондық форматта ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті қағаз жеткізгіште алу үшін өтініш берген жағдайда, нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады және көрсетілетін қызмет беруші басшысының қолымен расталады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат форматында жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Жұмыс кестесі:
ХҚО-да: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, үзіліссіз.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электронды» кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті портал арқылы «брондауға» болады;
порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру кезінде:
ХҚО-да:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың (ата-аналардың (ата-ананың), асырап алушылардың, қорғаншының немесе қамқоршының, патронаттық тәрбиешінің және оларды алмастыратын адамдардың (бұдан әрі – заңды өкілдер) өтініші;
мұраны қалдырушының қайтыс болуы туралы куәлік;
заң бойынша мұрагерлікке құқығы туралы куәлік (нотариустан);
2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігі;
некеге тұру немесе бұзу туралы куәлік (2008 жылға дейін некеге тұрған немесе бұзған жағдайда);
аумақтық әділет органынан № 4 нысандағы анықтама (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттың, баланың туу туралы куәлігінің (бала 2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған жағдайда) немесе аумақтық әділет органынан алынған № 4 нысандағы анықтаманың (бала 2008 жылдан кейін некесіз туылған жағдайда), некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің (некені 2008 жылдан кейін құрған немесе бұзған жағдайда) мәліметтерін, көлік құралын тіркеу туралы деректерді ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжаттар нысанында алады.
Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері ХҚО-ның ақпараттық жүйесіндегі деректерді көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының түпнұсқаларымен салыстырады және түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
ХҚО арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға мынадай мәліметтерді көрсетіп, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
сұраныстың нөмірі және қабылданған күні;
сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттар берілетін күні (уақыты) мен орны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің аты, тегі, сондай-ақ болса әкесінің аты;
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, сондай-ақ болса, әкесінің аты және байланыс телефондары;
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанындағы сұрау;
мұраны қалдырушының қайтыс болуы туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
заң бойынша мұрагерлікке құқық туралы куәліктің электрондық көшірмесі (нотариустан);
баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);
некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің электрондық көшірмесі (2008 жылға дейін некеге тұрған немесе бұзған жағдайда)
аумақтық әділет органынан № 4 нысандағы анықтаманың электрондық көшірмесі (бала 2008 жылға дейін некесіз туылған жағдайда)
Портал арқылы өтініш беру кезінде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттың, баланың туу туралы куәлігінің (бала 2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған жағдайда) немесе аумақтық әділет органынан алынған № 4 нысандағы анықтаманың (бала 2008 жылдан кейін некесіз туылған жағдайда), некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің (2008 жылдан кейін некеге тұрған немесе бұзған жағдайда) мәліметтерін, көлік құралын тіркеу туралы деректерді ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжаттар нысанында алады.
Портал арқылы өтініш берілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіліп, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
Ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүліктеріне иелік ету үшін анықтамаларды алу кезінде:
ХҚО-да:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың (ата-аналардың (ата-ананың), асырап алушылардың, қорғаншының немесе қамқоршының, патронаттық тәрбиешінің және оларды алмастыратын адамдардың (бұдан әрі – заңды өкілдер) өтініші;
оқу орнынан білім беру мекемесі әкімшілігінің қатысуымен еркін нысанда жазылған, жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға тұрғын үйдің меншік иесі болып табылатын кәмелетке толмағанның анықтама-келісімі;
келмеген зайыбының (жұбайының) атынан мәміле жасауға нотариус куәландырған сенімхат не қайтыс болуы туралы куәлік;
көлік құралын тіркеу туралы куәлік (көлік құралын тіркеу туралы куәлік жоғалған жағдайда – ішкі істер органдары беретін растау анықтамасы);
баланың туу туралы куәлігі (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);
некеге тұру немесе бұзу туралы куәлік (2008 жылға дейін некеге тұрған немесе бұзған жағдайда);
аумақтың әділет органынан № 4 нысандағы анықтама (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттың, баланың туу туралы куәлігінің (бала 2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған жағдайда) немесе аумақтың әділет органынан алынған № 4 нысандағы анықтаманың (бала 2008 жылдан кейін некесіз туылған жағдайда), некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің (2008 жылдан кейін некеге тұрған немесе бұзған жағдайда) мәліметтерін, көлік құралын тіркеу туралы деректерді ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжаттар нысанында алады.
Егер Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйедегі мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері ХҚО-ның ақпараттық жүйесіндегі деректерді көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының түпнұсқаларымен салыстырады және түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
ХҚО арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға мынадай мәліметтерді көрсетіп, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
сұраныстың нөмірі және қабылданған күні;
сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттар берілетін күні (уақыты) мен орны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің аты, тегі, сондай-ақ бар болса, әкесінің аты;
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, сондай-ақ бар болса, әкесінің аты және байланыс телефондары;
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанындағы сұрау;
оқу орнынан білім беру мекемесі әкімшілігінің қатысуымен еркін нысанда жазылған, жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға тұрғын үйдің меншік иесі болып табылатын кәмелетке толмағанның анықтама-келісімінің электронды көшірмесі;
келмеген зайыбының (жұбайының) атынан мәміле жасауға нотариуспен куәландырылған сенімхаттың немесе қайтыс болуы туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
анықтама ішкі істер органдарына керек болған жағдайда, көлік құралын тіркеу туралы куәліктің электрондық көшірмесі (көлік құралын тіркеу туралы куәлік жоғалған жағдайда – ішкі істер органдары беретін растау анықтамасы);
баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);
некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің электрондық көшірмесі (2008 жылға дейін некеге тұрған немесе бұзған жағдайда);
аумақтық әділет органынан алынған № 4 нысандағы анықтаманың электрондық көшірмесі (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).
Портал арқылы өтініш білдіргенде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызмет алушының жеке басын растайтын құжаттың, баланың туу туралы куәлігінің (бала 2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған жағдайда) немесе аумақтық әділет органынан алынған № 4 нысандағы анықтаманың (бала 2008 жылдан кейін некесіз туылған жағдайда), некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің (2008 жылдан кейін некеге тұрған немесе бұзған жағдайда) мәліметтерін, көлік құралын тіркеу туралы деректерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжаттар нысанында алады.
Портал арқылы өтініш білдіргенде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін және уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
Банктерге кәмелетке толмағандардың мүліктеріне иелік ету үшін анықтамаларды беру ХҚО-ға:
осы мемлекеттік қызмет стандартына 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес өтініш;
оқу орнынан білім беру мекемесі әкімшілігінің қатысуымен еркін нысанда жазылған, банктік мүлікті иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға тұрғын үйдің меншік иесі болып табылатын кәмелетке толмағанның анықтама келісімі;
келмеген зайыбының (жұбайының) атынан мәміле жасауға нотариуспен куәландырылған сенімхат не қайтыс болуы туралы куәлік;
банк салымының бар екенін растайтын құжат;
некеге тұру немесе бұзу туралы куәлік (2008 жылға дейін некеге тұрған немесе бұзған жағдайда);
баланың туу туралы куәлігі (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);
аумақтық әділет органынан № 4 нысандағы анықтама (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттың, баланың туу туралы куәлігінің (бала 2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған жағдайда) немесе аумақтық әділет органынан алынған № 4 нысандағы анықтаманың (бала 2008 жылдан кейін некесіз туылған жағдайда), некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің (2008 жылдан кейін некеге тұрған немесе бұзған жағдайда) мәліметтерін, көлік құралын тіркеу туралы деректерді ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжаттар нысанында алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан заңмен сақталатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері ХҚО-ның ақпараттық жүйесіндегі деректерді көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының түпнұсқаларымен салыстырады және түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
ХҚО арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға мынадай мәліметтерді көрсетіп, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
сұраныстың нөмірі және қабылданған күні;
сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттар берілетін күні (уақыты) мен орны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің аты, тегі, сондай-ақ болса әкесінің аты;
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, сондай-ақ болса әкесінің аты және байланыс телефондары;
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанындағы сұрау;
оқу орнынан білім беру мекемесі әкімшілігінің қатысуымен еркін насында жазылған, банктік мүлікті иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға тұрғын үйдің меншік иесі болып табылатын кәмелетке толмағанның анықтама-келісімінің электрондық көшірмесі;
жоқ болған зайыбының (жұбайының) атынан мәміле жасауға нотариуспен куәландырылған сенімхаттың немесе қайтыс болуы туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
банк салымының бар екенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің электрондық көшірмесі (2008 жылға дейін некеге тұрған немесе бұзған жағдайда);
баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);
аумақтық әділет органынан алынған № 4 нысандағы анықтаманың электрондық көшірмесі (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).
Портал арқылы өтініш білдіргенде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызмет алушының жеке басын растайтын, баланың туу туралы куәлігінің (бала 2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған жағдайда), некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің (2008 жылдан кейін некеге тұрған немесе бұзған жағдайда), аумақтық әділет органынан алынған № 4 нысандағы анықтаманың (бала 2008 жылдан кейін некесіз туылған жағдайда) мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжаттар нысанында алады.
Портал арқылы өтініш білдіргенде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін және уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.