Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

 «Жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметi (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Мемлекет көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру:
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы (бұдан әрі – орталық);
«электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
көрсетілетін қызметті алушы орталыққа жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болған кезде 20 (жиырма) минут ішінде.
Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күніне дейін ұзартылады (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанда дейін бір күн қалғанда береді).
Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызмет нәтижесі үшін белгіленген мерзімде жүгінбеген жағдайда, орталық бір ай бойы олардың сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.
көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
Порталға жүгінген жағдайда – мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болған кезде 20 (жиырма) минут ішінде.
Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған жағдайларда қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күніне дейін ұзартылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) болуы туралы ақпарат (электрондық және қағаз жеткізгіште).
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Жұмыс кестесі:
орталықтың – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiні қоса алғанда, орталықтың сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн түскі үзiлiссiз. Қабылдау жеделдетiп қызмет көрсетусiз (электрондық) кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшiн қажетті құжаттар тізбесі:
орталыққа:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы сұрау салу;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін беріледі);
заңнамада белгiленген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы өкiлінiң өкiлеттiгін куәландыратын құжат.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді орталықтың қызметкері орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Орталықтың қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ұсынылған мәліметтермен салыстырып тексеріп, содан кейін аталған құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Құжаттарды қабылдау операциялық залда «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға орталық берген нысан бойынша жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
орталықта – көрсетілетін қызметті алушыға мыналар:
құжаттың нөмiрi және оны қабылдау күнi;
сұрау салынып отырған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң түрi;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күнi, (уақыты) және құжаттар берілетін орны;
құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегi, аты, әкесiнiң аты;
көрсетілетін қызметті алушының тегi, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетiле отырып, тиiстi құжаттар қабылданғаны туралы қолхат берiледi.
Орталықта көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы жеке куәлігін және заңнамада көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
порталға:
ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу.
Порталға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды толтыру қажет.
Порталға жүгінген кезде осы электрондық сұрау салуды жіберу көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады.
Сұрау салу таңдалған мемлекеттік көрсетілетін қызметке сәйкес адресатқа – көрсетілетін қызметті берушіге автоматты түрде жіберіледі.
Портал арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету туралы сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.