Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Балапан – 2015» достық және шығармашылық гирляндасы

Балалар шығармашылығына үгіт-насихат жасау, түрлі ұжымдар мен ұлттар балаларының шығармашылық байланысының достық қарым-қатынасын күшейту мақсатында алғаш рет Екібастұз қаласында 17-18 наурыз күндері Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған балалар шығармашылығының «Балапан – 2015» облыстық сайысы өткізілді. Конкурсқа Майқайың, Ақтоғай өнер мектептерінің,  Қашыр, Шарбақты, Успен аудандарының орта мектептерінің, Ақсу, Екібастұз және Павлодар қалаларының қосымша білім беру мекемелерінің хореографиялық ұжымдарынан және вокалдық шеберлік студиясынан 196 қатысушы келді.  

         Конкурс шеңберінде «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінің педагогтарымен  хореографиялық және вокалдық ұжымдар жетекшілеріне арналған шеберлік сыныптары өткізілді.

«Маска» үлгілі театр ұжымы қонақтарға «Держись, Султан!» атты қойылым көрсетті. Сонымен қатар, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен «Бірге көңілдірек» атты мерекелік флеш-моб өткізілді.

         Қазылар алқасының шешімімен «Балапан-2015» бірінші облыстық конкурсының жеңімпаздары жарияланды:

          «Хореография» аталымы (7-8 жас)

1 орын: «Очарование» үлгілі хореографиялық ансамблі, «Қайнар» ББК, Екібастұз қаласы және Майқайың балалар өнер мектебінің «Айналайын» би ұжымы. 

2 орын: Ақсу қаласының балалар шығармашылық үйінің «Ақ көгершін» хореографиялық ұжымы  және  «Очаровашки» би ұжымы, Ақсу қаласының қалалық мәдениет сарайы.

3 орын: Ақтоғай балалар өнер мектебінің «Сюрприз» би ұжымы.  

       «Хореография» аталымы  (9-10 жас)

1 орын : «Радость»  үлгілі хореографиялық ансамблі, «Қайнар» ББК, Екібастұз қаласы және  «Непоседы» балалар би ансамблі - №35 ГМ, Екібастұз қаласы

2 орын: «Астана» хореографиялық ансамблі, Ақсу қаласының Балалар өнер мектебі.  

3 орын: «ТаЛер» хореографиялық ұжымы, Ақсу қаласының Балалар шығармашылық үйі және «Непоседы» хореографиялық тобы, Қашыр ауданының оқушылар үйі.

 «Вокал» аталымы  (7-8 жас)

1 орын: Бейсембаева Сабина,  Ақсу қаласының балалар шығармашылық үйі.

2 орын: Абраева Инкар, «Арман» үлгілі вокалды-эстрадалық ұжымы, «Қайнар» ББК, Екібастұз қаласы.

3 орын: Капаев Ильдар,  Успен айданының № 2 ЖОМ,

 

«Вокал» аталымы (9-10 жас)

1 орын: Орекен Алдияр, үлгілі вокалды-эстрадалық ұжымы, «Қайнар» ББК, Екібастұз қаласы.

2 орын: Ерсинова Саида, үлгілі вокалды-эстрадалық ұжымы, «Қайнар» ББК, Екібастұз қаласы және  Касенова Сабира, «Айналайын» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблі,Ақсу қаласының Балалар өнер мектебі,

3 орын: Алимжанов Алибек, Ақсу қаласының Балалар шығармашылық үйі.