Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала басшысы қалалық ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді

          18 наурыз күні Екібастұз қаласы әкімдігінің кіші залында қала әкімі  Александр Вербняктың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілді.

Отырысқа қалалық ведомствоаралық комиссияның мүшелері, қала әкімінің орынбасарлары, әкімдік бөлімдерінің және қаланың мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Ади Данияров  2014 жылғы және ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу  жұмыстары  туралы есеп берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша заңдылықтың, тәртіп сақталуының жай-күйі және қабылданып жатқан шаралар жөнінде  сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Құаныш Қабдуалиев баяндады.

Өңірдегі жасөспірімдер қылмысының жай-күйі,  сондай-ақ кәмелетке толмаған тұлғалардың арасында қылмыс пен төтенше оқиғалардың алдын алу бағытында уәкілетті мемлекеттік органдармен қабылданып жатқан шаралар мәселесін білім бөлімінің басшысы Нұржамал Макумова талқыға салды.

Қала басшысы отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелер жөнінде нақты тапсырмалар берді.