Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қазақстан Республикасының аумағы шегінде орналасқан мүлікті заңдастыру

Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы азаматтарға 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап  мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан мүлікті заңдастыру акциясының басталғанын хабарлайды

Заңдастыру бұрын елімізден шығарылған және жалпы мағлұмдау қарсаңында экономикаға капиталды тарту үшін  сарапшылардың бағасы бойынша жалпы ішкі өнімнің 19% құрайтын көлеңкелі экономиканы қысқарту мақсатында жүргізіледі. Азаматтарға еліміздің аумағында ғана емес, одан тыс жерлерде орналасқан мүлікті, ақшаны заңды айналымға енгізуге үлкен мүмкіндік бар. Болашақта бұл жағдай мүлікті заңдастырудан келетін кірістерді заңды түрде алуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан мүлікті заңдастыруды өткізу міндеті жүктелді.

Жүргізілген акция шеңберінде Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүлікті заңдастыру болып келесі танылады:

1) Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлiк

2) эмитенттерi шет мемлекетте тіркелген құнды қағаздар;

3) шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардың қатысу үлесі.

Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүлікті заңдастыру үшін мүлікті сатып алу немесе бағалау құнының он пайызы мөлшерінде төленеді.

Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүлікті заңдастыруға құжаттар қабылдауды 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2015 жылғы 30 қараша аралығында заңдастыру субъектінің тұрғылықты мекенжайы бойынша Аумақтық кірістер басқармасында құрылған комиссия жүзеге асырады.

Мүлiктi жария ету субъектілері мынадай құжаттар ұсынады:

1)  белгіленген нысан бойынша мүлiктi жария етудi өткiзуге екi данадағы өтiнiш;

2) өтінішті берген кезде тұпнұсқаны көрсету арқылы, жеке басын  куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;

3) Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлiк және шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардың қатысу үлесі бойынша - осындай мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн;

4) эмитенттерi шет мемлекетте тіркелген құнды қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi есептiк шоттан үзiндi көшірменi не резидентi құнды қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген, осы құнды  қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге құжатты;

5) мүлікті сатып алу құнын немесе бағалау құнын растайтын құжат.

Шетел валютасында көрсетілген мүліктің құны өтініш берген күннен бастап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі  белгілеген  Қазақстан Республикасының ұлттық – теңге валютасының  ресми курсы бойынша қайта  есептеледі.

6) мүлікті заңдастыру төлемін растайтын құжат.

Заңдастырылатын мүлік бойынша ұсынылған мәліметтердің анықтығы мен толымдығы үшін жауапкершілік  заңдастыру субъектілеріне  жүктеледі.

 Басқа да толық  ақпаратты алу үшін Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жеке тұлғалардың ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығына 8(7187) 77-16-70 телефон арқылы хабарласуға болады.

.

 

 

Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы