Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

 «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
көрсетілетін қызметті беруші;
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған күннен бастап:
қайтыс болуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініштер Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қорының Орталық серверінде Қазақстан Республикасы бойынша акт жазбаларының электрондық нұсқалары болған кезде күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу мен тексеруді жүргізу қажет болған кезде қарау мерзімі өтініш берушіні бұл туралы 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
орталыққа:
қайтыс болуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініштер Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қорының Орталық серверінде Қазақстан Республикасы бойынша акт жазбаларының электрондық нұсқалары болған кезде күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу мен тексеруді жүргізу қажет болған кезде қарау мерзімі өтініш берушіні бұл туралы 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі:
көрсетілетін қызметті берушіде:
қайтыс болуды тіркеу және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде және қайтыс болғаны туралы куәлікті қағаз жеткізгіште беру; жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде өзгерістер, толықтырулар енгізілген және түзетілген құжатты қағаз жеткізгіште берген көрсетілетін қызметті берушінің қолы қойылған жаңа куәлік беру;
орталықта:
жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қағаз жеткізгіште беру;
жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде өзгерістер, толықтырулар енгізілген және түзетілген құжатты қағаз жеткізгіште берген көрсетілетін қызметті берушінің қолы қойылған жаңа куәлік беру.
Мемлекеттік қызмет ақылы/ақысыз көрсетіледі.
Қайтыс болуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.
Қайтыс болу туралы актіге өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілуіне байланысты куәлікті бергені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалар құжаттар берілген орны бойынша есепке алынады.
Мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.
Жұмыс кестесі:
көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.
орталықта – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін үзіліссіз.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
қайтыс болу фактісін растайтын құжат;
қайтыс болған адамның куәлігі;
көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш жасаған жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
қажет болған кезде қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болған деп хабарлау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі.
Қайтыс болуы туралы акт жазбасына, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
қайтыс болғанын тіркеу туралы куәлік, куәліктің түпнұсқасы жоғалып қалған жағдайда – қайтыс болғанын тіркеу туралы анықтама;
өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар;
бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжат;
көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш жасаған кезде нотариатта куәландырылған сенімхат.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетілгенде қажетті құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға мыналар:
өтініштің қабылданған күні;
қоса берілген құжаттардың саны;
құжаттарды беру күні, уақыты;
құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған маманның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген қолхат беріледі.
Егер тіркеу 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші немесе орталық қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжаттар нысанында алады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері немесе орталық қызметкері құжаттар түпнұсқаларының түпнұсқалылығын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға орталық берген нысан бойынша жазбаша келісім береді.
Мемлекеттік қызметті орталық арқылы көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға:
сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні;
сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын берген жағдайда орталық қызметкері өтінішті қабылдап алудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.