Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ЭЦҚ – ЭҮП-қа кіретін кілт!

Электрондық цифралық қолтаңба – бұл  біздің өз қолымызбен қойған қолымыздың көшірмесі, онымен ХҚКО бармай үйде отырып, барлық eGov электрондық қызметтерін алуға болады.

         ЭЦҚ кез келген ХҚКО бөлімінде алуға болады, өтінімді сізге ресімдеуге Connection Point секторының кеңесшілері көмектеседі, ол үшін өзіңізде тек жеке куәлік және тиісінше, сіздің қолыңыз жазылатын флеш-тасымалы болы қажет. Егер сізде чипті куәлік болса, онда ЭЦҚ оған жазуға болады.

         ЭЦҚ қолдану мерзімі – 1 жыл. ЭЦҚ алу үшін өтінімді Электронық үкімет порталына тегін беруге болады.

Сіз ЭЦҚ алу үшін өтінімді үйде ресімдей аламыз, бірақ кез келген жағдайда ХҚКО сіздің тұлғаңызды сәйкестендіру мен ЭЦҚ растау үшін жеке куәлігіңізбен келуіңіз қажет.