Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Достық калейдоскобы

6 наурыз күні Достық Үйінде Қазақстан халқы  Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Калейдоскоп дружбы» атты фестиваль өтті.

Халықаралық әйелдер күні мерекесімен түспа-түс келгеннен соң, ерлер жағы көбірек өз өнерлерін көрсетті. Олар, кәріс этномәдени бірлестігінен Гарий Ким «Ах, какая женщина!» әнімен, Ардақ Кенжесарин «Япурай», «История любви» әндерімен, Бекхан Тлектесов, Шамиль Кадыров, Павел Таченов пен Антон Нефедов, Анатолий Таранов, украин ЭМБ «Хартица» атты ерлер тобы, жастар, балалар өз өнерлерін көрермендерге ұсынды.