Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала басшысы Екібастұздың әйелдерін мерекемен құттықтады

4 наурызда «Өнер» қалалық мәдениет орталығында  Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.

Қала әкімі Александр Вербняк Ұлы Отан соғыс және еңбек ардагерлеріне, өндіріс озаттарына, көп балалы аналарға, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және басқа салалардың өкілдеріне арнап құттықтау сөз айтты.

- Екібастұз әйелдерінің 2-і – облыстық, 4-і – қалалық мәслихаттың депутаты. 451-і еңбек ұжымдарының жетекшілері болып жұмыс істейді. 8-і үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарды басқарса, 8- этномәдени ұйымдарда. Ерлермен бірге көмір кәсіпорындарда 2536, энергетикалық салада 1127 әйел еңбек етуде. Мемлекеттік қызметте 163, құқық қорғау органдарында 87 адам істейді. Өткен жылы 397 әйел спорт саласында халықаралық, республикалық және облыстық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. Ал әлеуметтік білім беру, медицина, мәдениет саласының басым бөлігі - нәзік жандар,  - деп мәлімдеді Александр Федорович.

         Барлық әйелдерді мерекемен құттықтап, қала әкімі оларға мықты денсаулық, жан жылулығын, көтеріңкі көңіл-күй  және толағай табыстар тіледі.

                Екібастұз өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан жеке үлесі, адал еңбегі, белсенді өмірлік ұстанымы үшін «Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған № 1 мамандандырылған мектеп-гимназиясы» ММ директоры Гүлжан Әбішева, «№ 3 емхана» КМҚК бас дәрігері Күләндә   Сәкенова және № 1 «Ромашка» бөбектер бақшасы даму орталығының меңгерушісі Татьяна Шмидт «Екібастұз қаласының алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісіне ие болды.

Көптеген әйел Екібастұз қаласы әкімінің құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен марапатталды.